№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Абай үні – замананың тынысы

Абай үні – замананың тынысы


Қазақтың бас ақыны «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» шартарапта тойлануы – ұлт үшін үлкен мақтаныш. Осынау дүбірлі шараға Кеңес ауылындағы №239 орта мектебінің ұжымы да өз үлестерін қосып, құнды деректер мен тәлім-тәрбиесі мол мұраны жаңғыртып, рухани кеш ұйымдастырды.


Төлепберген Әбдірашев атындағы N239 жалпы орта мектебінің ұжымы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай лебі-заманның тынысы, Абай үлгі-ғасырлардың өрісі» атты сахналық қойылым қоюды жөн көріпті. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы желісімен қойылған көріністе қазақтың дара тұлғасы Абайдың өмірін, шығармашылығын, өнер-білім туралы өсиеттерін насихаттады. Оқушылардың Абай шығармашылығына деген сүйіс­пеншілігін арттырып, өмір жолын үлгі етуге үндеді.
Шара Кеңес ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Олжас Ормахановтың орын­­дауында Абайдың «Көзімнің қара­сы» әнімен өрбіді. Сахнаның төрі қазақы салт-дәстүрге сай, ұлттық нақышта безендіріліп, көрерменге өткен ғасыр­дың лебін сыйлады. Көпшілік күткен қойылым Абайдың шыр етіп дүниеге келуімен басталды. Оқиға желісінде Абайдың есеюі, бала Абайдан дана Абайға дейінгі аралықтағы түрлі тарихи тағдыр көз алдымызда жылжып жатты. Сол дәуірдегі қазақтың тұрмыс-тіршілігі, қоғамның алмағайып кезеңі бүкпесіз көрсетілді. Қазақ тіршілігін Абайдың өмірімен ұштастырған көріністе Абайдың әкесі Құнанбайдың, әжесі Зеренің, анасы Ұлжанның, жары Шүкімән образын аша түсті. Оқиғаның тарихи құндылығы жүйелі жұмыс пен тыңғылықты дайындықтан білініп тұрды.
Қойылым соңында сөз алған мек­тептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зияда Жолтаева: «Қамшының сабындай ғана ғұмырында ұрпағына өшпес із қалдырған Абайды мәңгі есте сақтаймыз. Өйткені, Абайдың әрбір сөздерінен ғибрат аламыз. Оның сөздері мен өсиеті кез-келгеніміздің өмірімізге бағыт-бағдар береді, жанымызға ақыл қосады. Сондықтан да, біз Абайды жадымыздан шығармауымыз керек», – деп оқушылардың ізденісіне разылығын білдірді.
Шара соңында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Майра Тұрғанбаева асыл сөздер мен өнеге өсиеттің иесі ақын Абайды үлгі тұтып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болып, нағыз адам болуға үн қосты. Сонымен қатар, бүгінгі қойылымда өнер көрсеткен оқушылар мен ұйым­дастырушыларға алғысын білдіріп, мектептің «Алғыс хатын» табыстады.

Мақпал МАРҚАБАЙ
18 наурыз 2020 ж. 866 0