№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » ОНЛАЙН ШАРА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ОНЛАЙН ШАРА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елімізде коронавирус жайлағалы мәдени іс-шаралар шет қалып жатқан жоқ. Карантин режимі еңгізілуіне байланысты мәдени іс-шаралар онлайн режимге ауысты. Уақыт талабына сай ZOOM, SKYPE платформасын қолдану арқылы онлайн іс-шаралар ұйымдастырылуда. Біз сондай шаралар жөнінде тоқталуды жөн көрдік.

Ұлттық кодтың кілті домбыраны мемлекеттік деңгейде атап өту, елдің еңсесін көтеріп, халықтың рухын оятады. Осыған сай облыс көлемінде өтіп жатқан іс-шаралардың бірнешеуіне тоқталып өтейік.
Ұлттық домбыра және Елорда күнін атап өту мақсатында түрлі форматтағы мерекелік шаралар facebook әлеуметтік желісі арқылы насихатталды. Атап айтқанда Түгіскен ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Үкілі домбыра» үйірме мүшелерінің атсалысуымен «Күй атасы – Құрманғазы» атты онлайн концерт желі қолданушылардың назарына ұсынылды. Мерекелік шара Жаңақорған ауданы М. Көкенов атындағы мәдениет үйінің бастауымен, Түгіскен ауылдық клубының, үйірме өнерпазы Әлиасқар Айдын Құрманғазының күйі «Балбырауынмен» жалғастырды. Сонымен қатар Жайылма ауылдық клубының бастауымен «Қасиетті домбыра» атты аудандық онлайн байқау өткізіліп, 1 шілдеде байқау қорытындысы жарияланды. М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйнінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің мүшелері «Домбыра сазы», Екпінді ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Домбыра асыл мұра», Қосүйеңкі ауылының әуесқой домбырашылардың қатысуымен «Күй ойнайды қазағымның қанында» атты мерекелік онлайн концерттер желі қолданушылардың назарына ұсынылды.
Карантин режимінің еңгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған мерекелік кештер, концерттер онлайн форматпен өтті. Облыс көлеміндегі іс-шараларға белсенді ат салысып жүрген азаматтар ұсынған өнерлерін бейнероликке жазып әлеуметтік парақшада бөлісті.
Елорда күніне орай Бірлік ауылдық клубы жанындағы халық театры мүшелерінің қатысуымен «Нұрлы қала, сырлы қала Нұр-Сұлтан!» атты жыр шашу, Түгіскен ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Елбасы еңселеген Елорда», аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен «Асқақта, шарықта Елорда!», М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын жас өнерпаздардың «Асқақтай бер, Елордам!» атты онлайн концерттер facebook желісіндегі «Жаңақорған мәдениеті мен өнері» парақшасында жүктелді.
Жалпы карантин кезінде мәдени шаралары форматын өзгерткенімен, мазмұнын жоғалтпай, жоғары деңгейде өтуде.
Айжан ЫДЫРЫС
12 шілде 2020 ж. 606 0