№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Нағызхан – нағыз талант

Нағызхан – нағыз талант

  Шын таланттар карантин уақытында әлеуметтік желі арқылы танылып, түрлі өнерпаздар халыққа танылуда. Соның бірі Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және мәдени-продюссерлік орталығының қолдауымен «Аққұсым» жас әншілердің облыстық онлайн байқауына талапкерлердің көптеп қатысуынан байқадық.

«Арман мәдениет үйінің» фейз­бук парақшасында жария­ланған байқау ережесіне сай, жерлесіміз, сазгер Нағыз­хан Жаманбаевтың шығар­машы­лығын насихаттап, елге белгілі әндерді онлайн орын­дауда талабы биік талант­тар барын салды. Белгілі композитордың 80 жылдығына арналған «Ақ­­құсым» атты әнші­лердің облыс­тық онлайн бай­қауына об­лыстан 9-ға жуық өнерпаз бақ сынады.
Сазгер әрі күйші Нағыз­ан Жаманбаевтың шығар­машы­лы­ғын жас ұрпаққа наси­хаттап, жас талант иелерінің өнеріне қолдау көрсетіп, танылмай жүр­ген жас орындаушыларды халыққа таныстыру мақсатында өткен шара бір аптаға созылды. Осы шарада шығармашыл тұл­ғаның әні әуелеп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Осы кезде фейз­бук желісінде әр ауданның үмітін үкілеп, бағын сынаған жас өрендер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Байқауға 17-45жас аралығындағы барлық әншілер қатысты. Байқау ере­жесіне сай талапкерлер Нағызхан Жаманбаевтың бір әні және еркін тақырыптағы бір ән орындап сапалы видеоны таспаға түсіріп, әлеуметтік же­лі­­де жарялауы тиіс болды.
Қатысушылардың видео түсі­рілімдері Жаңакорған ау­дан­дық мәдениет өнері па­рақ­шасында жарияланып, сарап­шылар бағалады.
Облыстық әншілер бай­қауына қатысып, әншілік қарым-қабілетін байқатып, бағын сы­ны­ған жастардың арасында Ормахан Олжас бірінші орын, Әлиева Құралай екінші орын, Искакова Жанар үшінші орынды иеленді. Жүлдегерге бағалы сыйлықтар, ал қатысушыларға ынталандыру сыйлығы үлес­тірілді.

Мақпал Марқабай
12 маусым 2020 ж. 1 048 0