Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Исламды танытқан баяны

Исламды танытқан баяны


Жаңақорғанның топырағынан әнші-сазгерлер көптеп шығып, елдің рухын асқақтатуда. Сондай өнерпаздардың жолын жалғаған таланттың бірі – Ислам Нағызхан. Шымкент қаласында «Саз колледжінде» домбыра және прима аспабы бойынша білім алған ол бүгінде түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы.


Кәсіби білімін шыңдағаннан кейін кіндік қаны тамған Манап ауылдық клуб үйінде жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа қабылданады. Ауыл атынан сайыстарға қатысып, топ жарады. Жуырда ән еркесі Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған республиалық дәстүрлі әншілер байқауында да үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі екінші орын алды.
– Бұл мен үшін ерекше дайын­дықты қажет ететін байқау болды. Композитор Бексұлтан ағаның әнін орындаудан өткен республикалық байқаудың алғаш­қы кезеңінде баян аспабында «Гүлденген Жаңа­қорған» әнін орындасам, екінші кезеңде Үкітай Ерниязовтың «Сәби көңілім» әнін көпшілікке тарту еттім. Нәтижесі қазылар алқасының көңілінен шыққан болу керек. Жүлдегерлер қатарынан көріндім, – дейді ол.
Әншілік салаға бала кезден құштар болып өскен ол баян аспабы өзіне жақын болғанын айтады. Осы аспапта ойнауды жақсы деңгейде меңгерген Ислам «Жігітке жеті өнер де аз» деген нақылды ұстаным ететінін білдік. Өйткені ол домбыра, прима, баян аспабынан бөлек пианинода еркін көсіледі екен.
– Отбасымызбен өнерге жақын­быз. Ауылдық жерде шағын ансамбльде жұмыс жасап, ән айтатын әдетіміз бар. Өнер жолын таңдауыма ата-анам себепкер болды. Өзім үйдің үлкенімін. Артымнан ерген төрт қарындасым да өнерден алыс емес. Айта кететіні, осы саланы таңдаған соң бар қиыншылығына көндігуіміз керек. Білекті сыбанып тек еңбек етуді талап ететін бұл жолда сүрінуге қақың жоқ. Осы мақсатта өнегелі өнер жолын өркендеткен аға-әпкелерімнен үлгі алып келемін, – дейді кейіпкеріміз.
Шәкіртінің әр жеткен жетістігіне қуанып отыратын жетекшісі Манап ауылдық клуб үйінің сүйемелдеушісі Марат Накипов:
– Исламның бос уақыты жоқ. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Білгенін бөлісіп, білмегенін сұраудан еш жалықпайды. Биік-биік белестерді бағындырғысы келетін шәкіртімнің арманы танымал өнер адамы болу. Осы ізденісінен таймаса ол арманының да орындалар күні алыс емес. Мен тек қана тілекшімін. Қазір жастар тәжірибесімен уақытша жұмыс жасап жүрген мұндай талантты жастар қоғамнан тұрақты түрде өз орнын табуы керек деп ойлаймын, – деді.
Исламның түрлі деңгейдегі байқауларда жеткен жетістігі де көп. Мәселен, «Қалықтаған халық әні» атты аудандық әншілер бай­қауында 1–орын, «Сағынтып кеткен – Бексұлтан» атты аудандық байқауда бас жүлде, «Бабалар әнін жырлайды» атты қазақтың халық әндерін орындаудан өткен байқауда 1–орын, «Шанағынан жыр тамған» атты жыр-термешілер байқауында 2–орын, «Дәуірдің дара тұлғасы» атты патриоттық ән сайысында 1–орын алды.
Өнерге қанаттанған өнерпаз әлі де ел абыройын асырып, жеңісті жолын жалғастыра беретіні анық.

Лаура БИБАСАРОВА
06 қаңтар 2020 ж. 945 0