№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ауруларыңды садақамен емдеңдер

Ауруларыңды садақамен емдеңдер



Бір мешіттің имамы тұңғыш баласы дүниеге келгенде ерекше қуанады. Бала күн санап өседі. Тұңғышы болғандықтан әйелі екеуі де айналып толғанады да жатады екен. Ерлі-зайыптылардың қуанышында шек жоқ. Жаратқанға мың да бір шүкір деп ризашылығын білдіреді. Жұбайы екеуі дастарқан басында баласының қылығын жарыса айтып шай ішетін.
Бірнеше айдан соң бала науқастанып қалады. Анасы мен баласы ауруханаға жатқызылады. Жігіт қаладағы тәжірибелі дәрігерге барып көмек сұрап, барлық мүмкіндіктерді қарастырада. Мамандар да қолдарынан келген көмекті аямайды. Алайда, нақты диагноз қою қиынға соғады. Дәрігер баланың әкесін шақырып алып, «Бүгін түнде баланың ыстығы түспесе айырылып қалуымыз мүмкін»,-деп кез келген жағдайға дайын болу керектігін ескертеді. Шарасыздықтан имам жігіт қара түнде көшеге шығып жүріп келеді. Кенет, ойына «Науқастарыңды садақамен емдеңдер»,-деген хадис сап ете қалады. Мұсылман барлық себеп-салдарын жасау керек. Бұл да бір себеп. Пайғамбар айтқан әдіс. Бірақ түн жарымда кімге садақа бермек? Кімнің есігін қағады?Осылай тұнжырап келе жатқанда, қараңғы көшеде мияулаған мысықты көзі шалады. Дереу үйіне барып мысыққа тамақ әкеліп береді. Әзірге жігіттің қолынан келгені осы еді. Әз-пайғамбардың қасиетті сөздеріне шама-шарқынша амал етіп, Уа, Алла! Шипаңды бере гөр,-деп тілек тілеп аурузанаға келгенде, босағадан жүзі жадырап келіншегі қарсы алады. Не болды? Бала қалай?,-деген сөзіне, «Төсегінің басында ұйықтап кетіппін. Баланы құшақтап алған екенмін деймін түсімде. Кенет аспаннан бүркіт тіке бізге қарай төніп келеді. Не істерімді білмей тұрғанымда бір мысық пайда болды. Мысық бар айбатымен бүркітпен жанталаса арпалысып кетті. Түсімнен шошып оянсам баламның ыстығы түсіп, ұйықтап жатыр екен»,- деп қуанышымен бөлісіпті.
04 мамыр 2020 ж. 1 499 0