№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Қызыңыз болса қуаныңыз!

Қызыңыз болса қуаныңыз!


Күндердің күнінде жаңа үйленген жас жұп ауылдан қалаға көшіп, жаңа пәтерде тұра бастайды. Екеуі біршама уақыт ешкімге пәтер есігін ашпаймыз, деп бір-бірімен келіседі.
Кенет ертесі күні есік қағылады. Екеуі есікке жақындап көздіктен қараса жігіттің ата-анасы екен. Екеуі келіскен бойынша есікті ашпайды. Ертесіне тағы есік қағылады. Бұл жолы қыздың ата-анасы болып шығады. Қыз жігітке ашуды өтініп, жалбарынады, жігіт есікті ашып ата-енесін жақсы күтіп алады. Содан арада біраз жылдар өтеді. Әлгі екі жұптың қатарынан 4 ұлы болады. Жақында ғана отбасы үлкейіп қыз баласы дүниеге келеді. Әкесі дүркіретіп той жасап, үйіне жақын қонақтардың барлығын шақырып, балаша қуанып жүреді. Мұны сезген достары оған: — Сен бұған дейін төрт рет ұлды болдың. Олардың ешқайсысына мұндай дастархан жаймадың. Енді қызды болып едің ерекше қуанып жатсың. Мұның сыры неде? деп сұрайды. Сонда ол: — Себебі, ертең мен үйге келгенде бірінші болып есікті ашатын қыз дүниеге келді, — деген екен.
20 ақпан 2020 ж. 886 0