№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!


Қазақстан халқының бірлігі күні – маңызды мерекенің біріне айналды. Баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Тұрақтылық пен тыныштықты арқау еткен біздің ел талай сындарлы сәттерге мойымай, бар ауыртпалықты бірге көтере білдік. Әлем елдерін коронавирус жайлаған тұста қазақстандықтар бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған ел екенін көрсетіп, қиындықты еңсеруде.
Сарапшылар мен ғалымдар коронавирустан кейін әлемде басты құндылықтар өзгеріп, қоғамдық сана жаңа бағытқа бағдар алатынын айтуда. Бірақ, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Біз үшін бұл құндылық өзгеріссіз қалып, елдің одан ары дамуына, бәсекеге қабілетті болуына тірек болады деп есептеймін.
Біздің ауданда 26 ұлттың өкілі, бір қолдың саласындай, бір атадан тараған ұрпақтай тату-тәтті өмір сүріп, ауданның мәдени-рухани, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Ұлы Дала елін Отаны ретінде құрметтеп, шағын және орта кәсіпкерлік, білім, денсаулық, спорт салаларының дамуына тер төгуде.
Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында республикалық, облыстық бюджеттен 7 миллиардтан астам қаражат бөлінуіне қол жеткіздік. 2 мектеп, 1 клуб үйі, жаңадан стадион құрылысы салынып, 7 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, Жаңақорған кентінің 29 көшесіне орташа жөндеу, 5 көшеге тротуарлар салу, 7 көшені жарықтандыру, Жайылма, Келінтөбе-Бесарық жолдары күрделі жөндеуден болады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, өте қомақты жұмыс. Сондықтан да карантиндік шектеуге аз ғана шыдамдылық танытып, жоспарлы жұмыстарымызды өздеріңізбен бірге еңсеріп, іске асыратын боламыз.
Қадірлі жаңақорғандықтар!
Бірлік мерекесі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!

Сұлтан МАҚАШОВ,
Жаңақорған ауданының әкімі
01 мамыр 2020 ж. 603 0