№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еңселі елдің ертеңі

Еңселі елдің ертеңі


Елдің болашағы білімді, белсенді ұрпақ қолында. Сондай рухани бай, білімді жастар қатарына №3 мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Еркежан Рамашты қосуға болады.
Кішкентайынан анасына еліктеп ол ұстаз болуды мұрат етті. Осы жолда кейіпкеріміз бар ықылас-ынта­сын ілім-білім жинауға сарп етуде.
– Әрбір жеке тұлғаның өз болашағы алдымен отбасында, одан әрі мек­тебінде қалыптасып, шыңдалады. Ал мектепте алған білімің әлемді тану­дың алғашқы іргетасы. Ертең осы елдің тізгінін ұстап, жаңа мақсаттарға қол жеткізуде мектепте алған білімің септігін тигізеді. Сондықтан ұстаздардың төккен терін ақтау шәкірт үшін міндет, – дейді Еркежан.
Оның сөзінше, төтенше жағдай енгізілгелі қашықтан оқуда ұстаздар қауымы түлектерге көп салмақ салмай, бар уақытын ҰБТ-ға дайындық барысына жұмсауға кеңес беруде. Сондықтан бар ынта-жігерімізді тест тапсырмалары берілген кітапшалар мен басқа да оқулықтар оқу арқылы жетілдіруде. Ал мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу.
Бос уақытысында Абайдың поэмаларын, қара сөздерін, Оралхан Бөкей және Тахауи Ахтановтың повестерін оқуға арнаған кітапқұмар жастың жан дүниесі рухани бай, шығармашылыққа жақын. Кітап оқуға, оны құрылымдық жағынан талдап, жаңашылдықпен салыстыруда ұстазы Гүлнәр Әлібекованың көп көмегі тигенін айтады. Түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып жеңімпаз атануы да осы тәлімгерінің арқасында екенін мойындайды. Мәселен, Алматы облысының білім басқармасы ұйым­дастырған Республикалық олим­пиа­дада үшінші орын, «Білімнің түскен жолына, ғылымның шығар шыңына» атты өткен апталықта «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанса, Халықаралық «Русский медвеженок-языкознание для всех» байқауы мен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебие­тінен оқушылар арасында өткен респу­бликалық олимпиада және «On the way to a dream» атты ағылшын тіліннен өткен ғылыми жоба байқауында екін­ші орын алады. Тізбектей берсең бағын­дарған белесі жетерлік.
Өзін жан-жақты дамытқысы келетін Ерке­жан сонымен қатар орыс тілі мен ағылшын тілін де жетік мең­герген. Өзге тілде еркін сөйлейтін кейіпкеріміз осы қырымен де таң қалдырды. Ақпараттық технолгия дамы­ған заманда кейіпкеріміздің артта қалғысы жоқ. Содан болар үне­мі жаңашыл бағадарламаларымен сабақ барысын қызықты етіп өткізетін мұғалім мамандығын таңдапты. Өйткені мұғалім ең мәртебелі, құретке лайық мамандық екенін жақсы біледі.
– Мектеп – өмірлік дағды-әдеттерді сіңіретін орта. Осы өнеге мектебінде Еркежан ізденімпаздылығымен, білім­құмарлығымен көптен ерекшеленеді. Ол зерек оқушының бірі. Мектеп-интер­натымызды «Алтын белгіге» бі­тір­гелі отырған үздік шәкірт. Осын­­дай оқушыларымызбен мақта­на­мыз, – деді мектеп-иентернат ди­рек­­­торы Ләззат Нәлібаева.
Бү­гін­­­гі техника мен технология дамыған за­ман­­да білім мен ғылым бәсекесі күн өт­кен сайын артып келеді. Сондықтан кез келген жас жанына жақын маман­дық­ты таңдап алып, оны терең зерттеу мүмкіндігіне ие. Сондай жолда Еркежанға тілеріміз тек қана сәттілік!

Лаура БИБАСАРОВА
25 сәуір 2020 ж. 1 164 0