№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ауыз ашқаннан кейін темекі шексе, оразаның қазасын өтей ме?

Ауыз ашқаннан кейін темекі шексе, оразаның қазасын өтей ме?


Темекі шегу шариғат бойынша күнә болып табылады. Кімде-кім бұл жағымсыз әдетпен әуестенсе, одан барынша жылдам арада айығуға тырысуы керек.
Темекі шегіп жүрген кісіге «ораза ұстама» деп айта алмаймыз. Алайда, аузы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады. Ол кісі рамазан айын темекі тастауға тамаша мүмкіндік деп біліп, бұл әдетінен арылтуға тырысуы керек. Осы тұрғыда кей қандастарымыз «темекі қанымызға сініп кетті, оны тастай алмаймыз» дегенді алға тартып жатады. Бірақ шын ниет етіп, шылымға жоламауға бел буған адам оңай тастап кететіні күмәнсіз. Өйткені, Алла тағала Құранда «Шынында бір қауым өзін өзгерпейінше Алла оларды өзгертпейді…» – дейді. Яғни, біз боймыздағы жаман әдеттерден арылуға ұмтылмасақ, оның өз-өзінен кетуі екіталай. Ендеше, темекі тартуды әдетке айналдырған кісілер осы рамазанда тақуалыққа бет бұрып, темекіні тастауға ықылас білдірсе, тастау оп-оңай. Себебі, «Кім Алладан корқып сақтанса, оған шығар бір жол пайда болады», – дейді Алла.
Темекі шеккен адамның қасында оразам бұзылмай ма?
Темекі шегушілердің қасындағы ораза ұстаушының жағдайына келсек, ондағы негізге алынатын нәрсе – түтінді әдейі жұту мен одан сақтану мүмкіндігіне байланысты. Темекінің (сол сияқты қальян, токсикомания, анаша т.б.) түтіні – газ формасындағы дене. Оның болмысы қоюлығына қарай күшейе түседі. Яғни, кімде-кім әлгі түтінді аузы не мұрны арқылы әдейілеп жұтса, онда ол түтін газ формасынан сұйықтық формасына ауысатынын ескеру керек. Ауыз қуысында ондай түтіннің дәмін де сезінуге болады. Бұл – әдейі жұтқан нәрсенің оразаны бұзатындай мөлшерін түзегенін көрсетеді. Ал, ол болса оразаны бұзады.
Ал, егер ол түтін ауаға тарап кеткен иіс қана болса, онда оған ораза бұзылмайды. Себебі, оны адам тамағынан әдейілеп өткізбейді. Әрі одан ұзақ тұру мүмкін бола бермейді.
Тоқетерісі: достарыңыздың қасыңызда темекі түтінін әдейілеп жұтпасаңыз, оразаңызға зиян келмейді. Алайда, ондай орталарға әуес болмауыңыз керек.
Ауыз ашқаннан кейін темекі шексе, оразаның қазасын өтей ме?
Ауыз ашқаннан кейін темекі шеккен жағдайда ораза бұзылмайд. Дегенмен, темекі тартқаны үшін ораза сауабы мүмкін екендінін ескерген жөн. Өйткені темекі дінімізде тыйым салынған әрекеттен.

islam.kz
24 сәуір 2020 ж. 1 654 0