Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » КОРОНАВИРУС: ДЕМОГРАФИЯҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

КОРОНАВИРУС: ДЕМОГРАФИЯҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

Әлемге коронавирус инфекциясы жылдам тарауда. Медицинасы озық, ғылымы дамыған Еуропа елдерінің өзі індетті құрықтауда дәрменсіздік танытуда. Бұл жайлы бұған дейін айттық, жаздық.

Сарапшылар індеттің экономикалық, демографиялық залалы мен зардабын екінші дүни
ежілік соғыспен тең деуде.
Бұл жайлы терең талданған зерттеулерді әлі танысатын боламыз.
Осы ретте, адамзаттың демографиялық өсуіне көз салсақ қайтеді?!
Шыңғыс ханның әскері Еуразия даласында салтанат құрған заманда жер шарының тұрғындары 360-450 миллиондай болған-ды. Одан 200 жыл өткеннен кейін, яғни 1400 жылы – 350-374 миллион адам болды деген жорамал бар. Содан бері адам саны тұрақты өсіп, 1820 жылы жер бетіндегі тұрғындар саны – 1 миллиардқа жетті. 1927 жылы бұл көрсеткіш 2 миллиардты құрады. Одан кейінгі кезеңде адам саны еселеп артты. Әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаһан жұртының саны едәуір өсті. 1960 жылы – 3 миллиард, 1974 жылы – 4 миллиард құрады. 1987 жылы 7 шілдедегі санақ бойынша – 5 миллиард, 1999 жылы 12 қазанында – 6 миллиард, 2011 жылы 31 қазанында – 7 миллиард адамнан асып жығылды. 
Халық саны жөнінде Қытай көш бастайды. Онда әлем халқының 19,59% тұрады. Одан кейінгі орын жаһан жұртының 17,79% тіршілік ететін Үндістанға тиісілі. Үшінші орында АҚШ. Онда жер бетіндегі халықтың 4,54% тұрады. Қазақстан әлем бойынша жер көлемі бойынша 9-шы, халқының саны жөнінде 64-ші орында тұр.
Соңғы жылдары әлемде демографиялық өсім қарқынды. Зерттеушілердің мәліметінше, 2013 жылды 2014 жылмен салыстырғанда жер беті 80 миллион адамға толықты. Адам саны дәл осылай көбейе берсе, 2025 жылы интеллект иесі 9,2 миллиардқа жететін көрінеді. БҰҰ-ның есебінше, 2150 жылы адам саны 12 миллиардқа жақындайды. Ғалымдар жер бетіндегі және астындағы ресурстар мұнша адамды бағып-қағуға жетпейтінін айтып, дабыл қағуда.
Адамзаттың демографиялық көшінде қазақтың бағы ашылмай-ақ қойды. Әттең, ХХ ғасырдағы зұлматтар болмағанында қазақ халқы да демографиялық әлеуетімен мақтанып отырар ма еді?! Мәселен, 1989 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 6,5 миллионға жуық болды. Арада бір ғасыр өткенде халық саны 2 миллион ғана өсті. Нақты цифрға жүгінсек, 1999 жылы этникалық қазақтардың саны 8 миллионнан асты. Өсе берейік...
МИ6 (SIS) арнаулы қызметінің ағылшын барлаушысы Джон Колеман "300-дің комитеті. Әлемдік үкіметтің құпиялары" атты кітабында жер бетінде бір миллиардтай адам ғана өмір сүруге құқылы екенін алға тартады. Бұл – Ко­леманның ойы емес. Бұл – құпия ұйымның жасырын қолға алған ісі. Бұл жөнінде ол кітабында жан-жақты баяндайды. Онда 1897 жылдан негіз алатын құпия ұйым банк ісі, сақ­тандыру, көмірсутек өндіру, меди­каменттер саудасы, мұнай өнер­кәсібі т.б қаржылық ресурстарды уысына түсіріп, адамзат санын шектеуді жоспарлы түрде қолға алғаны жазылады. Мұның ақиқаты бір Аллаға аян...
Сәуегей сарапшылар коронавирус індетін үшінші дүниежүзілік соғысқа теңейді. Расында вирус әлем жұртың қынадай қырып барады. Жас, кәрі, бай, кедей таңдап, талғап жатқан жоқ. Адамзатқа жаппай құрық салуда. Соңғы деректер бойынша, COVID-19 инфекциясы 180 елінің 372 мың адамынан анықталды. Оның 81 093 адамы Қытайда тіркелді. Екінші орында Италия (63 927), үшінші орында АҚШ (33 453) тұр. Коронавирустан өлген адам саны жөнінен Италия көш басында. Статистикалық мәліметтер бойынша 6077 итальяндық бақилық болды. Қытай – 3270, Испания – 2182 адам өлді. Жақын арада ғалымдар тажтәжалдың дауасын таппаса адамзаттың едәуір бөлігін опат қылатын түрі бар.
Елдік мұрат, мемлекеттік мүдде жолында өркендеуді жолға қойып, республикадағы жалпы халықтың 70 пайызына жақындадық деп ұрандап жүргенімізде COVID-19 инфекция өз зардабын тигізіп кетпесін. Ол үшін сақтануымыз қажет. 
Ағайын, тағы да айтамыз, сақтық шараларына мән берейік.
Нұрлат Байкенже.
24 наурыз 2020 ж. 765 0