О, Күнтәңірі, елімізді оң жолға баста, бақ бер, бақыт бер, еліме, жеріме тыныштық бер
ЖербетіндеНаурызмерекесініңдәрежесітеңкелетін, тарихытереңмерекежоқшығар, сірә! Ықылым заманнан Наурыз мерекесі жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы ретінде бағаланып, тойланып келеді. Расында Наурыз береке-бірлікті арттырып, татулықты жарастыратын мейрам. Жастық шағымнан Ұлыстың ұлы күніне байланысты түйген-білгенімді ортаға салсам деймін.
Біздің халық наурызды бір күндік, бір сәттік етіп өткізбеген. Оны 13 наурыздан бастап тойлап, «Көрісу» немесе «Амал» мерекесімен бастаған. Осы күні Самарқанның көк тасы еріген. Ілгеріде ата-бабаларымыз ардақ тұтатын тұлғаларын қадірлеп, қабірінің басына таңбалап көк тас қойған. Сол тасты Самарқанның көк тасынан кесіп алған. Бұл қалай жүзеге асты? Оның мәнісі мынада, бір жыл бұрын ниет қылып, білекті бірнеше азаматты Самарқанға аттандырған. Олар 13 наурыз күні күзетке тұрып, көктастың балқуын күткен. Қыс бойы қар жамылып, мұз құрсанып жатқан тас табиғат оянып, жер бусанып жанқан уақытта Алланың құдіретімен балқып, еріген. Осындай қас-қағым сәтте әлгі жігіттер қанжармен тасты қиып алады екен. Біздің Хорасан ата кесенесі маңындағы зияраттардан сондай тастарды кезіктіруге болады.
Наурыздың бір кереметі тек адамның емес, табиғаттың түлейтін тойы. Күн мен түннің теңеліп, бүкіл тіршілік атаулысы ұйқысынан оянып, тірлігін, тіршілігін бастайды. Аңызға сенсек, Нұқ пайғамбардың кемесі құрлыққа тоқтап, (Қазықұрттың басына), ол жан-жануарларға жем-шөбін, адамдарға азық-түлігін таратады. Бұл – күн мен түннің теңелген шағына тура келіпті-мыс. Осы күн жаңару, жаңғыру (Наурыз) мерекесі ретінде тойланып, бүгінге жеткен-ді.
Кеңес заманында орыс ғалымдары Нұқ пайғамбардың кемесін және Орта Азияны топан су басқанын зерттеді. Зерттеушілердің топшылауы бойынша, топан су 13 мың жыл бұрын басқан. Демек Нұқ пайғамбар 13 мың жыл бұрын өмір сүрген. Осындай деректерге сүйене отырып, Наурыз тойы өте көне мереке екендігіне көзіміз жете түседі.
Бір аңызда: «Ғұндардың Падишасы Наурыз болған күні, яғни күн мен түн теңелген күні таудың басына шығып, ағарып атып келе жатқан ала таңда екі қолын жайып, содан тілек тілейді екен. «О, Күнтәңірі! елімізді өзің жараттың, жерін өзің бердің, енді елімізді, жерімізді жарылқай гөр! Еліміздің байрағын мәңгі желбіретіп, жаққан отын мәңгі алаулат! О, Кунтәңірі жер-жаһанды сілкінуден сақта, жерді топан судан сақта, өрттен, дүлей желден сақта, елді – жерден, ерді елден қуатын тебінді жаудан сақта, елімізді індеттен сақта!
О, Күнтәңірі, елімізді оң жолға баста, бақ бер, бақыт бер, еліме, жеріме тыныштық бер. Айдан аман, жылдан есен қыл, Тәңірім» деп көзіне жас ала балқып, орнынан тұрып Тәңірқұтылары енді абызға жол бергендей сыңай білдіреді.Тілегін тілеп болып артына қарағанында қолында қобызы бар абыз «Тоғыз қоңыр «күй тартады. Осы күй тартылып болғаннан кейін, ол үн-түнсіз артына қарайды. Қараса арнайы дайындалған үш жүз алпыс бес адам мерекенің құрметіне үш жүз алпыс бес күй тартады, бұл бір жылдың түгелденгенінің белгісі. Содан кейін ғана Наурыз тойын тойлауға рұқсат етіледі» делінген.
Осыдан кейін бірнеше күнге созылған той-думан басталады. Елдің салт-дәстүрі бойынша, тарихи жырлар жырланады, мақтау мадақ жырлар төгіледі. Қайымдасып айтысу басталады, әндер шырқалады, сыбызғы, сырнай, қобыз және домбырадан түрлі күйлер төгіледі, билер биленеді. Той-думанды қыздыратын алуан түрлі өнер сайыстары басталып, мықтылары ортаға шығып сыналып, мадаққа, мақтауға ие болған айтулылары атқа мініп, шапан киіп жатады. Наурыз тойы бүкіл ел ішінде өз шамасына қарай өтеді. Наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне қыдырып, амандық-саулық сұрасады.
Ертедегі ата-бабаларымыздың осы айтып отырған «тоғыз «санының» өзіндік қасиеті бар сияқты. Бүгінгі қазақта «тоғызқұмалақ», «тоғыздан жасау беру», ұзатылатын қызға берілетін дүние-мүліктің әрбірін тоғыз-тоғыздан жасап беру. Тіпті мінетін атын тоғыз, артатын түйесі де тоғыз болған. Тоғыз айып деген де бар. Абыздың қобызда тартқан «Тоғыз қоңыр» күйі тоғыз түрлі мән-мағанада, тоғыз түрлі тілекте, тоғыз түрлі үн-ырғақта, тоғыз түрлі сипатта болғаны анық. Сол кездегі тыңдаушы жұртты ұйытқан, құлақ құрышын қандырған елді тамсандырған тоғыз күйдің қасиеті іспеттес. Осы бір жүйелі табиғи туыстық ертедегі қоңыр өмір, қоңыр тіршілік, қоңыр мінез, қоңыр үн мен бүгінгі қазақтағы көп қоңыр, тіпті «алпы екі тамырды идірген алпыс екі қоңыр «атты күймен тамырлас, кіндіктес болып жатқандығы да анық.
Бату хан құрған Ұлық Ұлысқа (Алтын Орда) қарасты ұлттар мен ұлыстар да Наурыз тойын мемлекеттік деңгейде мерекелегені белгілі. Қазақ хандығы заманында Ұлыстың ұлы күні елдік салтанатпен аталып өткендігін абыз-жыраулардың мұрасынан табуға болады.
1926 жылы Кеңес өкіметі Наурызды діни мейрам деп танып, ресми тойлауға тыйым салды. 1987 жылы ел азаматтарының бастамасынан қайта жаңғырды. Олардың ішінде, Мұхтар Шахановты ерекше айту керек.
Тәуелсіздігін алғаннан кейін Елбасының Жарлығымен Наурыз ұлттық мереке ретінде күнтізбеге енгізілді. Бүгінде кейбір білгіштер Наурызды діни мейрам ретінде таниды. Шын мәнінде, Наурыздың дінге еш қатысы жоқ . Ұлттық төл мереке. Ұлы дала елінде бағзы замандардан тойланып келе жатқан мейрам.
Наурыз мерекесін қазақ халқы неге қатты құрметтейді? Оның себебі мынада деп ойлаймын. Біріншіден, тұрмыс-салты, тіршілік-қамы төрт түлікпен байланған қазақ халқы қаһарлы қыстан шығып, ұзақ уақыт байланыс үзілген ауылдар бір-бірімен қауышады, көріседі. Амандық сұрасып, көңілдері өсіп, бір марқайып қалады. Осындай өрнек Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келеді. Екіншіден, жастардың бірлік-берекесін арттырып, қабілет-қарымын сынға салады. Наурызда білектілер көкпар шауып, балуандар белдеседі. Одан бөлек ұлттық ойын түрлерінің жас өспірімнің дүниені тануына септігі көп болған.
Мәселен, «ағаш аяқ», «адымдаспақ», «аларман», «айдап сал», «айгөйлек», «ақ сүйек», «ақ байпақ», «ақ терек пен көк терек», «арқан тарту», «асау мәстек», «аттамақ», «атыңды айт», «әткеншек», «әуе таяқ», «батпырауық», «бала арқалап жарысу», «белбеу соқ», «белбеу тастау», «биік басу», «боталы түйе», «бөрікпен ұру», «бұғнай», «бүркіт», «даусынан тану», «еңбектеп жарысу», «тобық ойыны», «жануарлар қалай үндейлі», «жасырынбақ», «жаяу көкпар», «жылдырт-жылдырт», «жіп қию-кесу», «зат жасыру», «шөлдік», «көк серек», «көк сиыр», «көрші ойыны», «күзет көпір», «кім түртті, кім шертті», «кім көп ұпай жинайды», «кісіден қарғу», «қағыспақ», «қазан доп», «қай қолымда», «қанкөбелек», «қамал қорғау», «қап киіп жарысу», «қасқұлақ», «қассың ба, доссың ба», «қарғымақ», «қарақұлақ», «қоян мен тазы», «қуырмаш», «қытықтаспақ», «орын табу», «садақ ату», «сақина жасыру», «сен тұр, сен шық», «сырықпен секіру», «соқыр теке», «тиын тастау», «ұшты ұшты не ұшты» және т.б ұлттық ойындарды айту керек.
Компьютерге телмірген өспірімдерді осындай ұлттық ойындармен тәрбиелеп жатсақ, Наурыз мерекесінің мәні арта түсетіні анық. Сондықтан ата-әжелер мен ата-аналар баласына ұлттық ойын түрлерін үйретіп, оның дамуына үлес қосса игі болар еді. Сонда жаттанды Наурыздан арылып, шынайы халықтық мерекеге ұласар ма еді. Себебі кез-келген мереке жастардың асыр салып ойнағанымен мәнді болмай ма?!
Ағайын, Әз-Наурыз құтты болсын! Ақ мол болып, еліміз аман, жұрт тыныш болсын!
Нәбихан ШАЛАПОВ,
аудандық тарихи-өлкентану музейінің директоры.