№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ

ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ

Төрлет, Наурыз!
Қазақ дейтін еліме,
Ұлан байтақ жеріме.
Айдын - шалқар көліме,
Асқар таулар, беліме...

Төрлет, Наурыз!
Кең пейілді халқыма,
Ұлттық дәстүр - салтыма.
Шаттық орнап жалпыға,
Болсын осы таң куә...

Төрлет, Наурыз!
Ақ тілектер жаудырсын,
Үміт отын жандырсын.
Айналама сән кірсін,
Бәрін есте қалдырсын...

Төрлет, Наурыз!
Ән мен күйлер ойнасын,
Жанды терең бойласын.
Көңілдерді жайласын,
Бүкіл жұртым тойласын...

Төрлет, Наурыз!
Ырыс пен құт төрге енсін,
Төрт құбылам тең болсын.
Жақсылыққа жол берсін,
Бар қызығын ел көрсін.

Төрлет, Наурыз!
Ат алаңын шаңдатсын,
Көкпар тартып, жамбы атсын.
Жарысатын жан болса,
Намыс отын лаулатсын...

Төрлет, Наурыз!
Батырларым шыңдасын,
Ақындарым жырласын.
Шатсыз, күйсіз тұрмасын,
Қарсы алайық, Жыл басын...

Төрлет, Наурыз!
Қыдыр дарып, бақ қонсын,
Әрбір үйге ақ толсын,
Дінсізден ел жат болсын,
Бір Құдайға жақ болсын!!!

Мадияр ОСПАНОВ.
24 наурыз 2019 ж. 1 108 0