№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМ АНАЛАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

ӘКІМ АНАЛАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

  Қызмет жолын аудандағы тұрмыс қажетін өтеу комбинатында тігінші болып бастаған Жаңыл Жамалханқызы 20 жыл мұғалімдік салада жүріп, шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. 1975-1996 жылы, яғни 21 жыл комбинатта еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, цех меңгерушісі, хатшылық қызмет, депутаттық жүкті арқалаған іскер әйел бүгінде зейнет жасында. Жалпы алғанда, 40 жылдан астам уақыт аудан әлеуетінің артуына үлес қосқан Жаңыл апайдың жүріп өткен жолы кейінгі буынға өнеге десек те болады.

  Мереке қарсаңында аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы осындай елге еңбегі сіңген аналарды арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. Алдымен, “Батыр ана” Аякөз Адилованың шаңы­рағына барып, алғысын айтып, батасын алды. Аудан басшысы келеді деген ананың көңілінен қуаныш лебі сезіліп тұр. Қонақтарды есік алдынан күтіп алған көпбалалы ана құтты қонысының төрін ұсынды.
– Апа, қалыңыз қалай?
– Шүкір, айналайын. Жақсымын.
– Аналар мерекесінде сіз се­кілді батыр аналарды құт­тықтап шығуды мақсат тұттық. Мерекеңізбен!
– Рахмет, өркендерің өссін.
– Ауырмаңыз, ұзақ жасаңыз. Біз келіп тұрамыз, сіздердей ал­тын құрсақты аналар көп болсын.
– Рахмет балам. Менің жолымды қазақтың қаракөздеріне берсін, – деген Аякөз апай алғысын айтып, ақ батасын жаудырды.
Ана балаға қашанда тілекші ғой, Аякөз апаның жылы лебізінен кейін уақыт оздырмай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Мажит Балқо­жаев пен аудан әкімінің отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева бастаған топ Жаңыл апайдың үйіне арнайы барды. Бар өмірін қызметке арнаған ананы құттықтаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Әбдіғанит Ахметов жылы лебізін білдірді.
Ұстаздық жолын есіне алып, өткен күндерден сыр шерткен Жаңыл апай ас үстінде сала басшыларына ақыл кеңесін айтты.
– Менің қоғамдағы орнымды комбинаттағы қажырлы қызметім толықтырды. Уақытпен санаспай, елмен етене еңбек етіп, талай рет марапат биігінен көріндім. Бүгінгі жастарға айтарым, қазір бәсекенің заманы, сондықтан, маңдайы терле­геннің мерейі таситын уақытта жалқаулыққа бой алдырмау керек, – деген ұстаз қонақтарға сыйлап келгендері үшін алғысын білдірді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
12 наурыз 2019 ж. 886 0