№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АНАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

АНАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ


Біздің елде наурыз айы келгеннен-ақ баршамыздың зердемізде аяулы аналарды, мейірімді әжелерді, бауырмал әпкелерді, сүйкімді қарындастарды құттықтау, қуанту туралы ой тұрады. Осындай келелі оймен аудан басшысы Ғалым Әміреев бірқатар кент тұрғындарын құттықтады. Оның ішінде, ардагер ұстаз Фатима Тілеубаева, салық саласының ардагері надежда Аккулова және көп балалы ана палайым іскендірованың шаңырағына барды.
Аудан басшысына кент әкімі Аллаберген Ахметов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілқазы Төлегенов бірге ілесіп, алдымен ағарту саласының ардагері Фатима Тілеубергенованың үйіне келді. Ақсамайлы ана қос әкімнің қадамына қуанып, ерекше толқыныспен сөз сөйледі.
– Айналайын, алтындарым. Өркендерің өсіп, елдің мерейін үстем ете бергейсіңдер. Қарттарды қадірлеп, елеп-ескергеніңе рахмет. Жаратқан ием әр істеріңе жар болып, Қыдыр назарында болғайсыңдар! – деп, батасын беріп, бетін сипады.
– Апа, маған қандай бұйымтайыңыз бар?
– Қарағым-ай, сенің жұмысың жайлы газеттен оқып отырмыз. «Агрокешен» ашып, көп қабатты үй салып, кен ісін өркендетуде екенсің. Кәсіпкерлікке ден қойып, елді талпындырып жатырсың. Осы бағыттан танбай қызмет ете бер. Бізде одан артық тілек жоқ.
Фатима апамен қимай қоштасып, Надежда Акулова апаның үйіне келдік.
Қос тілде есен-саулық сұрасқаннан кейін:
– Тұрмыс-тіршілігіңіз қалай? – деді аудан басшысы.
– Шүкір. Жаман емес. Балалардың көз-қуанышы болып отырмын. Мені іздеп келеді деп ойламаған едім. Ел айтқандай, білікті басшы екенсіз. Мен өзімді шексіз бақытты сезініп отырмын.
– Қандай тілегіңіз бар?
– Рахмет. Ел – тыныш, халық – аман болсын.
Үшінші қартты іздеп, Құрманғазы Сағырбаев көшесіне түстік. Көше бойлай №25 үйдің тұсына жетіп, тоқтадық. Қарты бар үйдің тіршілігі өзгеше болады екен. Алдымыздан шыққан бүлдіршіндер қос қолдап, амандасып жатты. Төргі бөлмеде, ақ төсектің үстінде жатқан кейуана күбір-сыбырды естісімен, басын көтеріп, «бұл кім?» дегендей келініне қарады. Келіні:
– Апа, біздің үйге аудан әкімі Ғалым Әміреев пен кент әкімі Аллаберген Ахметов мырзалар келіп тұр. Сіздің жайыңызды сұрай келген екен.
– Е, түнеу күні теледидардан көрген әкім бе? Айналайын, өзі жүзі жарқын жан екен. Сені тапқан анаңнан айналдық. Жап-жас болсаң да, қыруар жұмыстың басында жүрсің.
– Рахмет, ниетіңізге! Нендей талап-тілектеріңіз бар?
– Бақ қарап, Қыдыр дарысын. Кетпес дәулет, кең пейіл берсін. Елдің әрбір азаматы сендей дарынды болсын! Әмин!
– Әумин, апа айтқаныңыз келгей!
Бата берген Палайым Іскендірова апа ғасырлық ғұмыр кешсе де, әлі де тың, сөзге шешен екенін аңғартты. Біз көрген үш ананың ықыласынан да әкімнің әр ісінен хабардар екенін, ауданның ахуалына көңілі толатынын сездік.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
13 наурыз 2018 ж. 1 090 0