№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бауыр мен қанды тазартатын тұнба

Бауыр мен қанды тазартатын тұнба


Үш-төрт жылдай уақыт бұрын бауырым ауырып, мазам кетіп жүрді. Күніге таңертең жүрегім айнып, лоқситынды шығардым. Майлы тамақ жеген күні дөңбекшіп, түнімен ұйықтай алмай қалатын болдым. Дәрігер кеңесімен біраз уақыт диета ұстап, дәрі қабылдадым. Жағдайым керемет жақсарып кете қоймағанымен, жүрегімнің айнығаны басылып, түнде тыныш ұйықтайтын жағдайға жеттім. Бірақ өне бойы майлы, тәтті, тұзды тағамдардан бас тарту да қиынға соғады екен. Бір мезгіл қалаған тамағыңды жегің келеді. 
Естуімше, бауырын бір ауыртып алған адам бұлдан өмір бойы құтыла алмайды екен. Шынымды айтсам, менің оған сенгім келмеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті і. Себебі өмір бойы жеңіл-желпі тамақтанып, диета ұстай алмайтынымды білемін. Сондықтан бауыр ауруынан айықтыратын емді өз бетімше іздестіре бастадым. Сөйтіп жүріп бауырды тазартуға арналған жақсы бір рецепт тауып, оны пайдаланып көрдім. Нәтижесі жаман емес. Бүгінде бауырым мүлде мазаламайды. Ең бастысы, қалауымша тамақтанамын. 
Бауырыма екінші өмір сыйлаған бұл тамаша тұнбаның жасалу әдісі мынадай: 
Эмальды ыдысқа үш стакан ұнтақталған итмұрын (кептірілгені де, жаңа піскені де жарайды) салып, үстінен үш литр су құйып, оны баяу отта он минут­тай қайнатасыз. Отты сөндіріп, қайнатпаға төрт ас қасық ұсақталған сүйелшөп (чистотел) және он ас қасық кептірілген сәлбен (шалфей) салып, жақсылап ораңыз. Ол 12 сағат тұруы керек. Тұнбаны күніне 4 рет 100 грамм мөлшерінде тамақтанардан бір сағат бұрын қабылдайсыз. Осы тәсілмен арасын үзбей қатарынан 20 күн қабыл­дауыңыз керек. Екі жыл бойы әр үш ай сайын осылайша ішіп жүрсеңіз, бауыр ауруынан түбегейлі айығып кететініңізге сене беруіңізге болады.
Бұл тұнбаның ағзаны жасартатын, қанды тазартатын, гепа­титпен, циррозбен ауырғанда бауыр­ жұмысын қалпына келтіретін қасиеті бар. 

К. ЕРМЕКБАЕВ.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
05 тамыз 2019 ж. 1 379 0