№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Шамаң келсе адам баласына қиянат қылма

Шамаң келсе адам баласына қиянат қылма

Бұл оқиға осыдан 9 жыл бұрын болған. Астымдағы «Пассат В-3» көлігіммен такси болып жүретінмін. «Механика қалада қиын ғой, автоматқа ауыстырып алсайшы» деген таныстардың сөзіне құлақ асып, демалыста Көкшетау тас жолындағы көлік базарына шықтым.
Жас жігіт келіп жабыса кетті: «Апай, ауыстырасыз ба? Менде Гольф3, қызыл түсті, үстінен аздаған ақша бересіз» - деді. Ақшамның жоқтығын білген соң кілтке-кілт айырбастайтын болып келістік. Жаңағы Гольфтың иесін жеке шығарып алып: «Бауырым, көлігің дұрыс болмаса, мені алдамай-ақ қой, кетіп қал. Мен осы машинамен бала-шағама нан тауып отырмын» -деп едім: «Жоқ, уайымдамаңыз, бәрі керемет!» -деді. Айырбас жасадық. Ойымда түк жоқ, үшінші күні қала көшесінде клиентпен келе жатқанмын, жылдамдық жоғалып кетті. Газға ары басам, бері басам, түсінер емеспін. Клиенттер ренжіп түсіп қалды. Сөйтсем, қасқа бала өтірік айтыпты. Шлейф (матордағы) деген нәрсеге сіріңке шиін тығып, уақытша үш-төрт күн жүретін қылып қойыпты. Оны көлік жөндейтін жерде мастерден естігенде шалқамнан түстім«Бауырым, мұның не? Мен саған айттым ғой...»- деп, телефон шалып едім: «Пошла ты на...»-деп тұтқаны қоя салды. Бір Аллаға тапсырдым. Жылап жүріп, достардан қарыз жинап, көлікті жөндетіп алдым. Айлар өтіп жатты. Бір күні жаңағы ренжіткен жігіт хабарласып тұр:"Сізбен жолығайын деп едім. Жаным әрең аман қалды. Пассат быт шыт болды. Сайманға өткіздім. Сізден страховкасын сұрайын деп едім. Енді бермейтін шығарсыз, иә?! "-деді. «Кел, бауырым, беремін»-дедім. Бір жапырақ қағазды беріп тұрып: «Бауырым, бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Алла бәрін көріп тұр. Шамаң келсе адамдарға жақсылық жаса. Жасамасаң, тым болмаса қиянат жасама, зияныңды тигізбе!» -деген апайлық ақылымды айттым.
Басымнан өткен жағдай жастарға өнеге болсын деген ниетпен жазылды...
Кенжегуль Тергембаева
16 ақпан 2020 ж. 847 0