№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жас жұбайлар алғашқы қуанышын Алланың тыйған нәрсесінен тыйылып, той жасағысы келеді.

Жас жұбайлар алғашқы қуанышын Алланың тыйған нәрсесінен тыйылып, той жасағысы келеді.

    Осы күнге дейін бір емес бірнеше бауырым базынасын жеткізді. Тыңдап көрсек, тақырып ауаны ортақ. Тарқата айтсақ, той-томалақ та ішімдік қою мәселесі. Жас жұбайлар алғашқы қуанышын Алланың тыйған нәрсесінен тыйылып, той жасағысы келеді. Алайда осы кезде ата-ана мен баласы арасында түсінісбеушілік туады. «Біз өзгенің тойында іштік. Енді олар біздікін ішуге келеді».


   «Құдадан ұят». «Қой қайдағаны айтпа, қоямыз». Мұндай көндіру сөздер ата-ана тарапынан ұлына қардай борайды. Қысқасы, Құдайын ұмытып, құданың көңілінен шығуға қарекет жасайды. Әрине, жиырма жасар бозбаланың ата-анасына сөз өткізуі екіталай. Не керек, екі жақты келісім шәйнекке келіп шешімін табады. Шешімін дегенде, бұл нұсқа нағыз шырғалаң. Яғни, дастархан төрінде арақ-шарап қойылмайды. Бірақ, ішімдік шәйнек арқылы ұсынылады. Түптеп келгенде, жаңа құдаға арақ бәрібір қойылады һәм құйылады. Бір ерекшелігі, мойны ұзын шөлмектен емес, «шәй» кейпіндегі шәйнектен. Кім-кімді алдап жатыр, ұқпайсыз. Пайымға салсаңыз жаратылған заттың Жаратушыны алдауы.

   ХОШ. Жас жұбайдың не үшін шыр-пыр болып жатқанын бағамдайық. Оқыған-тоқығаны бар замана жастары «арақтың атадан қалған ас» еместігін жақсы біледі. Пайғамбар (с.а.с) хадисінде: «Алла тағалаға және ақырет күніне иман келтірген адам ішімдік қойылған дастарханға әсте отырушы болмасын» делінген. Байқағандай ішпек түгілі, ол жерге отырудың өзінен қайтаруда. Тереңінен түсінгенге тәлім мол. Себебі, арақ–барлық жамандық атаулының бастауы. Шараппен тілек айтылған шаңырақтың берекесіздікке душар болары айқын. Әттең, осыны ата-аналар қауымы дұрыс түсінсе игі. Қазақтың ұлттық сусыны-қымыз-қымыранмен той өткізуге болатынын қалыптастырсақ құба-құп болар еді. Өкінішке орай, ұлттық сусыннан гөрі у «сусынды» аңсаушылар қатары көп болып тұр. Арақсыз адал той өткізеді екен дегенді естігендер оданда «Құран оқыта салмай ма» деп сырттай келемеждейтіні тағы бар.

Ә.ӘБДІШ.

18 сәуір 2019 ж. 929 0