№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Абайдан қалған асыл сөз"

"Абайдан қалған асыл сөз"


Биылғы жылдың басты мерейтойларының бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Оны кең көлемде атап өтуді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арқа төрінде салтанатты түрде ашып берді. Алаштың астанасында бастау алған шаралар эстафетасы Жаңақорған кенті орталығындағы №28 «Алпамыс» санаторлық бөбекжай балабақшасында өз жалғасын тапты.


Балабақшаның қазақ тілі маманы Б.Жолдасбекованың ұйымдастыруымен тәрбиешілер арасында «Абайдан қалған асыл сөз» атты тақырыпта сайыс өтті. Алты кезеңнен тұрған сайысқа 2 топ қатысып, өзара бақ сынасты. «Зерде» және «Асыл мұра» топтарына әділ баға беруде аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы І. Нарзілдаев және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ауданның құрметті азаматы, ақын Ф.Сахиев, балабақша меңгерушісі Б.Нұртазаева, әдіскер А.Нұржанова төрелік етті. Сондай-ақ Жаңақорған кенті әкімінің бас маманы А.Мамирова қатысып, өз ойын білдірді. «Таныстыру», «Сұрақ-жауап» бөлімі, «Көрініс көрсету», «Абайдың қара сөздерін оқу» және «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» бөлімінде қатысушылар ұлы ақын өлеңдерінің жалғасын тапса, соңғы «Көркем тіл – көрікті жарнама» бөлім шарты Абайдың бір өлеңін әнұран ретінде жарнамалау болды. Сайыс нәтижесі бойынша «Зерде» тобы оқ бойы озық шығып І-дәрежелі дипломмен, ал «Асыл мұра» тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шара соңында бөбекжай балабақ­шасының меңгерушісі Б. Досанқызы келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын айтып, мұндай мәдени шара әлі де болса жалғасын табатынын жеткізді.

Набат Сәрсенбай,
№28 «Алпамыс» санаторлық
бөбекжай балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі

26 ақпан 2020 ж. 698 0