№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Данышпанның ақылы


Баяғыда бір бір кедей өмір сүріпті. Ол қанша тырбанса да, жарлылықтан құтыла алмаған көрінеді. Әбден зығырданы қайнаған кедей бір данышпаннан ақыл сұрай барыпты.
-Уа, тақсыр, сізге бір өтінішім бар еді. Жоқшылықтан әбден қажыдым, не әрекет етсем де бірім екі болмайды. Бұл қалай, не кеңес бересіз?
-Данышпан оған үйленуге кеңес беріпті.
-Мұныңыз қалай, тақсыр, ішерге ас, киерге киім таба алмай жүргенде, үйлену менің немді алған?-деп безек қағады кедей.
Данышпан оны егіндікке ертіп барып, пісіп тұрған бидайды оң қолымен ғана (сол қолын тигізбей) оруға бұйырады да:
-Орғаныңды бір жерге жия бер,-деп кетіп қалады. Сәлден соң қайтып келген данышпан:
-Өндіре алмапсың ғой, бұл қалай?-депті кедейге.
-Сыңар қолмен қиын екен, тақсыр.
-Ендеше, қос қолдап орып көрші.
Қос қолдап орған кедей жұмысты өндіріп тастайды.
-Есіңде болсын, жігітім,-дейді данышпан,-оң қол ер, сол қол әйел. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Әйелің өзіңе сүйеніш, ақылшы, жәрдемші болса, кедейшіліктен де құтыласың,-деп әлгі жігітке өз ақылып айтыпты.

Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан
28 қаңтар 2020 ж. 1 026 0