№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кедейдің беретін 5 түрлі садақасы

Кедейдің беретін 5 түрлі садақасы


Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:
Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп налиды.
Данышпан оған:
Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, - деп жауап береді.
Бұл жауапқа таң қалған кедей:
Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? – дейді. Сонда қария:
Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, - дейді.
Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды.
Сонда данышпан:
Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;
Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;
Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма;
Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса;
Бесінші, аяқ-қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, - дейді. 
Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын - дүние-мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, аппақ көңілі! 
20 мамыр 2019 ж. 1 389 0