Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Даңқты шахтерға 109 жыл

Даңқты шахтерға 109 жыл

1910 жылдың 10 желтоқсанында қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген шахтері Файзолла Серғазин дүниеге келді.
Ол Ақмола губерниясының Атбасар уезінде (Ақмола облысы) туған. Мәскеу тау-кен институтын, КСРО көмір өнеркәсібі академиясын, Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын бітірген. 1929-1931 жылдары Қазақ АКСР НКВД істері меңгерушісі. 1936-1950 жылдары  шахта телімі бастығы, «Қарағандыкөмір» тресінің инженер-диспетчері, шахтаның бас инженері, «Қарағандыкөмір» комбинаты ашық жұмыстары басқармасының бас инженері. 1952-1957 жылдары «Ленинкөмір» тресінің басқарушысы. 1957-1963 жылдары  Қарағанды ауыл шаруашылығы кеңесі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1963-1964 жылдары Қарағанды облыстық өндірістік атқару комитетінің төрағасы. 1964-1967 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы. 1967-1970 жылдары Қазақ КСР Көмір өнеркәсібі басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1970-1971 жылдары «Қарағандыкөмір» комбинаты бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 2-дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.
10 желтоқсан 2019 ж. 781 0