№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айдай сұлу, Жаңақорған аруы кім?

Айдай сұлу, Жаңақорған аруы кім?


Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Жаңақорған ауданынының 90 жылдығына орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Күз аруы-2018» атты сұлулық байқауы өтті.
Сұлулық демекші, барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы.
Кейде асқан сұлулардың сөйлесе келе ойының таяз екенін байқасаң, сұлулығы көк тиын болып қалады. Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді. Сұлулықты көре білсең, оны бағалай да білесің.
Аудандық мәдениет үйінде өткен байқаудың мақсаты да сол болатын. Қазір рухани байытатын азықты дұрыс ажырата білмейтін жастарға, нағыз сұлулықты сахна арқылы жеткізу. «Қыз балаға қырық үйден тыйым» демекші, қыз баланың адамгершілік, адалдық, намысшылдық тәрбиесін, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, сыр-сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау және одан әрі дамыту көзделді.
Байқауда, расында тапқырлық, жаңашылдық, білгірлік және нағыз өнер иелері жеңіске жетті. Ізденуге, жігерленуге шақыратын ойым, әркімге жеңіс еңбектенсе, әлі алда.
Бас жүлде Байкенже ауылынан келген ару Анель Көшерәліге бұйырды.
Бесарық бекетінен келген Зейнеп Нәби тұғырдың бірінші сатысына көтерілсе, Тугіскен аруы Арғынбай Аяулым екінші орынға лайық танылды.
Үшінші орынды тағы байкенжелік Айғаным Жүмәділлә және М.Нәлібаев ауылының намысын қорғаған Әметқұл Тоғжан өзара бөлісті.
М.Көкенов аудандық мәдениет үйі ұжымы және осы байқаудың хореограф Гулнар Ибадуллаева ұйымдастырған өнер мектебінің күй пәнінің мұғалімі Гулнар Әбдешова және аудан жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Нұрхан Айдаровтарға қазылық еткендері үшін алғысын білдіреді.

P.S. Байқау соңында өз пікірімде «...ия, қазақ қыздарының бойында ұялшақтық, нәзіктік жоғары бағаланған, ал сын сағаттарында олардың мінездерінде қайсарлық, батылдық, тіпті жауынгерлік мінездер пайда болатын, сол екінші мінездерді сіздер оята алмадыңыздар» – дедім. Расында жыл сайын өтіп тұратын сұлулық байқауларында сылбырлық орын алуы жоғары. Бір жаңалық ашылады ғой деп үміттенемін.

Талап ТОТАЕВ.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 365 0