Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Берік отбасы – есірткіге қарсы!

Берік отбасы – есірткіге қарсы!

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. «Ұяда не көрсең, ұщқанда соны ілесің» деген аталы сөзбар. Отбасы түсінігі жайлы біраз ұғым жүрегімнен төрінен орын алған. Өзім берік те, берекелі отбасылар қатарына жататын қазақтың қарапайым шаңырағынанмын. Шүкір, менің әрқашан қолдау көрсете отырып, үлгі болатын берік те, берекелі  отбасым бар.

Ал, отбасында бірлік лебі сезілмейтін болса, адам өзіне қолдау іздеп жүріп, нашар жолға түседі. Ғасыр аждаһасымен сырласып, жамандыққа әуес болады.
Есірткі... Құлаққа қалай жағымсыз естіледі десеңізші?! Қаншама адамның түбіне жетіп, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы заттың тиылуы қанша уақытты қажет етеді екен? Қәзіргі таңда сол есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы дәрмені жетпейтін жастар көбейді қоғамда.
Жақсылық дәні адам бойына бала кезден егілетіні сөзсіз. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені есейгенде белгілі болады. Дәлірек айтсам, есірткі адам денсаулығына ғана емес, рухани жан дүниесіне де, нұқсан келтіреді, хайуандарша ғұмыр кешуге әкеп соқтырады. Сондықтан да әлемді жайлаған нашақорлық дертінің күн сайын тамырын тереңге жаюына  тосқауыл болу керек деп ойлаймын. Яғни береке-бірлігі ұйып тұрған отбасы болып, сүйіспеншілік, сыйластық, бауырмалдық, татулықты орнатып, бірін-бірі аялауға, қателіктерін кешіріп, қолдау көрсетуге тырысу керек, сонда ғана саналы ұрпақ өсіп шығары сөзсіз.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Қорыта айтқанда, іргесі берік отбасында ешқашан есірткіге жол болмайды.                                                                                                               
Жанай ӘЛИХАН,
 №167 мектебінің 7 сынып оқушысы
24 қараша 2019 ж. 1 210 0