№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Айналайын келінжан: "Үйге келген қонаққа тамағыңды берме..."

Айналайын келінжан: "Үйге келген қонаққа тамағыңды берме..."

  Өмірлік серігім бас қосқан жарыңды күте білу, оның артық-кемді мінездеріне түсініп, кешірімді болу – кішірейгендік емес, әдептілік, білімділік. Ондай әйелдердің отбасында, жолдас-жораларының арасында беделі жоғары, басы сыйлы болады. Әйел адам еркекті ашумен, бейпіл сөйлеп, беттен алумен жеңе алмайды.

 Ондай мінез жақсы жардың жанын жаралап, көңілін қалдырады. Міне, бүгін сен сүйген жарына қосылып, өз алдына шаңырақ көтеріп, отау үй болдың. Отау иесі болу да оңай мәселе емес. Отау үйдің де, үлкен үйдің де өзіне лайықты тірлігі, келетін қонағы, ағайынмен қарым-қатынасы болады. Солардың бәрінің де жөнін біліп, жолынан жығылмай отыру халқының салт-дәстүрін білуді талап етеді. «Біз өз алдымызға үй болдық, енді ешкімге бағынышты емеспіз» деп, ұшқан ұяңды, аялап өсірген ата-анаңды ұмытып кетпей, демалыс күндерінде болсын, жұмыстан қалт етіп, қолың босай қалған кезде болсын барып, сәлем беріп тұрсаң, үлкен кісілер мәз болып, бір жасап қалады.
 Отау үйге жастар, яғни өз замандастары көбірек үйір болады. Күйеуі даладан жолдастарын ертіп келгенде, оларды жылы жүзбен қарсы алып, сыйлап жөнелтсең жігітіңнің жаны жадырап, көңілі көтеріліп қалады. Ал егер қабақ шытып, ас үйде ыдыс-табағыңды салдырлатып жүрсең, келген қонағын кетудің амалын қарастырады. «Үйге келген қонаққа тамағыңды берме, қабағыңды бер» деген нақыл бекерге айтылмаған.
Қыз-келіншектердің ұқыпты да ұнамды киініп, өз бойын күтіп ұстаумен қатар көркемдік талғамы мінез-құлқынан, үй ұстауынан, ас пісіріп, дастарқан жаюынан да көрініп тұрады.
Кейбір қыздар күйеуге шыққанан кейін ойындағы бар мақсаты орындалғандай болып, өз басын күтуді де ұмытады. Жігітпен алғаш танысып, театрға барып жүрген кезде әдемі киініп, таранып, сыланып шығатын қыз-келіншек болғаннан кейін сол жігіттің алдынан шашы дудырап, кір-қожалақ жүруді ерсі көрмейді. Өз басын ұқыпты ұстай білетін жарқын сезімін шаң-тозаңның астында қалдырған салдыр-салақ әйелдерден берекелі жұмыс күтуге болмайды. Үйде берекесіз адам түзде де берекесіз болады. Ондай жігіттер әйелді үй күйбеңі үшін жаратылған жан деп ойлайды.
 Кейбір жігіттер өзімен қатар жұмыстан келген келіншегі есіктен кіре сала үй шаруасына кірісіп, от жағып, тамақ пісіріп, бір жағынан баласын шомылдырып, оның жаялықтарын жуып, жанталасып жүргенде шалқасынан түсіп, диванда газет оқып жатады. Әйелдің бейнетіне қарап, оған көмектесуді ер азаматтар ұмытпау керек. Тым болмаса жылап жатқан баласын жұбатқаны жөн.
Бір сөзбен айтқанда, ықылым заманнан ислам дінінен негіз алған отбасылық құндылықтарды ұстанып, қайырлы ұрпақ тәрбиелеп, отанға адал қызмет етуге болады. Мұның бәрі отбасыдағы ер мен әйелдің сыйластығына байланысты. Олай болса, сыйлай білуді, сыйласа білуді басшылыққа алсақ ұтылмаймыз.
                                                                                                                          Шайдарбек қажы ӘШІМҰЛЫ
17 қараша 2019 ж. 949 0