№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қыз таңдауда 10 кеңес

Қыз таңдауда 10 кеңес

Қыз таңдауда 10 кеңес.
Жастар үшін отау құру бір белес,
Талап етер қыз таңдауда оң кеңес.
Инабатты ибалы жар іздесең,
Ғалымдардан сіздер үшін он кеңес.
Ең бірінші қарау керек тегіне,
Намысыты үйде өсе шыққан егіле.
Ешқашанда текті үйдің қыздары,
Опасыздық жасамайды еріне.
Екіншісі ата-ананың әдебі,
Игілікпен жеткізетін кәдені.
Ата-анадан өнеге алған қыздары,
Баурап алар мінезімен әдемі.
Ер жігіттің сай болсын деп қасына,
Үшіншісі қаралады жасына.
Жасты болса әзілдер құрдас деп,
Үлкен болса сөйлеу мүмкін басына.
Төртіншісі бойы екен маңызды,
Тең теңімен деген сөз бар аңызды.
Бойы қысқа болу керек жігіттен,
Сұқ саусақпен орта саусақ тәрізді.
Бесіншісі абзал болар сұлуы,
Қарағанда көз тоятын қылуы.
Ең бастысы жігіттерге ескерту,
Қыз сұлуы жүректегі жылуы.
Алтыншысы қаралады сырт жаққа,
Көтерсін деп көп баланы құрсаққа.
Халық үшін үммет үшін қуаныш,
Әйел адам оннан астам ұл тапса.
Ал жетінші мәселеміз ендігі,
Қызбен ұлдың тұрмыстағы теңдігі.
Бай кедейді кедей байды сүйсе егер,
Аранза өсек ажыратар белгілі.
Сегізінші мәселеміз данасы,
Әйел затты көркейтеді санасы.
Сүйген жарың зерек болса Ұлжандай,
Ұлы Абай боп туылады баласы.
Тоғызыншы қаралатын бөлімі,
Бір сатыға төмен болсын білімі.
Ақыл айтып тұрғындары жарамас,
Ағалары жұмсағандай ініні.
Оныншысы қорқатыны Алладан,
Намаздарын бес уақытлы жалғаған.
Көзден таса кетіп қалсаң жыраққа,
Ар намысын өзгелерден қорғаған.
Бұл бір кеңес парыз емес ешкімге,
Қаласаң ал қаламасаң дес берме.
Біздер үшін маңыздысы отбасы,
Бақытты боп өмір сүрсе бес күнде.
Автор: Байлепесов Жаңаберген



21 қазан 2019 ж. 1 465 0