№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әбділла жайлы ел білмейтін өсиет

Әбділла жайлы ел білмейтін өсиет


Кешегі қуғын сүргін заманда кім туған жерінен қайда кетпеді. Сол ауыр күндерді басына өткізген Әбділла Үмбетұлы Ташкент облысы Солдат ауданынан бір-ақ шықты. Ол 1919 жылы Жаңақорған ауданына қарасты Бескемпір елді мекенінде дүниеге келген. Жасынан зерек, өнерге үйір Әбекең кәмелетке толған соң жоғары білім алу мақсатында Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, оның 2-ші курсында оқып жүргенде Ұлы Отан соғысына алынды.

Сталинград шайқасынан Берлин­ге дейін барып, есен-сау 1946 жылы келіп, Ташкент облысының Галаба ауданында ферма меңгерушісі, партия комитетінің хатшысы, колхоз бастығы, поселкелік кеңес төрағасы қызметтерін атқарды.
Туған жерде Түгіскен тыңын игеруге сай бұрын су болмай жатқан алқапқа канал қазылып, су келген соң, бұрынғы қуғын-сүргінде көшіп кеткен ағайын-туғандардың басын біріктіріп, көшіріп 100-ден аса жанұямен бірге жұмыс істеп, Өзгент кеңшарының ірге тасын қалап, алдыңғы қатарды шаруашылықтың деңгейіне көтеруге өз үлесін қоса білді. Әбекең үлкен-кішіге ілтипатты, өзіне жүктелген жұмысты ойдағыдай атқаратын, отырған жері қызықты, думан көңілді серілігі де бар, жыраулығы да бар кісі еді. Өзі туған жеріне келіп еңбек етіп, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, одақтық ауыл шаруашылық көрмесінің төрт рет медалімен марапатталды. Бүгінде ұлдары мен қыздары өзі туған Өзгент кеңшарында жұмыс істейді. Әбекең Үмбетұлы еңбегімен, қарапайымдылығымен, ақ көңіл, ашық жарқындылығымен ел құрметтісі. Сол үшін Өзгент әкімгершілігі Әбекеңнің есімін есте қалдыру үшін, бір көшенің атын берді. Рахманберді немересі Үмбетұлы Әбділланың тағы бір қасиеті отырған отырыста қолына домбыра алса отырған жұрттың өтініш тілектерін екі етпейтін. Өзі білетін жаттанды термелермен бірге өз ойынан шығарып та айтып, жұртты көңілдендіріп отыратын. Әсіресе Құтбай мен Нызан, Тұрмағанбет, Ешнияз т.б. термелерін нақышына келтіріп орындайтын.
Кешегі зар заман туралы Әбекең былай деп еске алып отыратын: Отызыншы жылдардың қасіреті әлде де естен шықпайды. Қанша адам, халық дұшпандардың кесірінен үй-іштерімен аштан өліп кетті. Март айынан бастап әрбір адамға берілген астықтың мөлшері малға беретінінен де кейін болды, көлік атқа 2 килограмнан ақ бидай берілсе, жұмыс істеген адамға 400 гр, істемеген адамға 200 гр берілді. Осының салдарынан ел зиялылары мен игі жақсылар елден безіп қалғаны бала-шағасымен аштан өліп кетті ғой.
Әбекең ақкөңіл, жайдарлы, көпшіл жан еді. Мен бұл кісімен көп жыл бірге жұмыс істестім. Әдепкіде бұл кісі Өзгентте ферма меңгерушісі болды. Ол кезде Өзгент, 23-партсъезд, Ақжол, Жаңарық, Задарья ауылдық кеңесіне қараған. 1973 жылы кеңес болып бөлінгенде Өзгентке Әбекең, Қожакентке Мәшетов Серік төраға (әкім) болды. Екеуінің де мөрі мен штампысын кезінде өзім жасатып әкеп, еншісін берген едім.

Төменде Әбділланың кейінгіге айтып кеткен өлеңіне және өсиетінен көп назарын бұрғым келеді:
Анадан тумас бала таққа мініп,
Болмаса алам сырын жатқа біліп.
Еңбекпен ер жетеді мақсатына,
Адамдық қасиетін сақта біліп.
Кім айтса сол дұрыс деп ере берме,
Аңғармай ақылмен, сене берме.
Басынан көп нәрсені өткізген деп,
Жүргейсің көңіл бөліп көнелерге.
Қадірле үлкеніңді, қатарыңды,
Жадыңа ал жақсы атақпен аталуды.
Әбекеңнің баласына берген өсиеттері:
Адамды үйге шақырсаң, өзің шақыр, басқаны жіберсең шала болады.
Біреуде қарызың болса, өзің сұрап ал. Қатын, бала-шағаны жіберме, сөз қосып келеді.
Отырыста бұрын сөйлеме, алды-артыңа қара, үлкенді сыйла, сонда сыйлы боласың.
Кекшіл болма. Айтылған іс сол жерде қалу керек. Біреудің сөзін біреуге айтпа.
Үйіңе мейман келгенде, өзің отырып, сапырып, сырыңды жайма. Келген адамды жақсы пейілмен күтіп ал, олар өз несібесімен келеді.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
Барына ынсап қыл, арамнан мал жинама, ол қосып ала кетеді барыңды.
Тура жүр, тура биде туған жоқ, бұрған биде иман жоқ деген екен, ағайын деме тура тарт араны.
Құлдай дүние жина, жомарттай жұмса.
Далаға берген нәрсеңді үйге айтпа.
Қанша қапа келсең де оны үйге білдірме.
Бірге туған қыз сенен алсын, ырза болып кетсін. Саған сол үшін Алла тағала екі есе береді. Қыз баланы сыйлай біл.
Қоңсы ағайыннан жақын. Алла тағала қоңсыдан сұрайды екен қандай адам деп.
Ағайын күншіл, қайынжұрт сыншыл. Нағашы жұрт міншіл деген екен.
Үйге аға болсаң, далаға да аға болғандай қызмет істе.
Ауылдың малының түріне, еніне көзіңді сала жүр, ауыл малы бұралқы емес.
Жаман көрген адамыңмен жолдас болма.

Жинақтап, дайындаған
Шайдарбекқажы Әшімұлы.


06 қараша 2019 ж. 1 008 0