Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Рухани аға, қаламгер ұзтаз

Рухани аға, қаламгер ұзтаз

Қарымды қаламгер Адырбек Сопыбековтың бақилық болғаны жайлы хабар ауыр тиді. Бір жыл өтсе де Адекеңнің орны ойсырап тұр.
Марқұмның көркем міңезі мен ақындық болмыс-бітімі, қаламгерлік қуаты көз алдыма келді. Әсілі, сөз өнерінің тізгінін ұстаған әрбір суреткердің ең асыл арманы мен мақсат-мүддесі жас ұрпаққа тәлімді рухани мұра қалдырып, ұлтты тәрбиелеуді көздеп, өз халқын әлемге таныту болса керек-ті. Бұл тұрғыда Адырбек Сопыбековтың борышы өтелген бақытты қалемгер. Оның қаламынан туған шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылды. Өз халқының талайлы тағдырын, жүріп өткен жолын, мұңы мен сырын, жаны мен арын, тұтас табиғатын төрткүл дүниеге танытты. Көрнекті жазушы Сопыбековтың мұрасы – ұлттық интеллектуалдық қазынаға айналды. 
Осындай сәттерде қайран Сырбай Мәуленовтің: «Адырбектің өлеңдерінде өмірлік таным, жылы леп бар», – дегені еске түседі. Ал, Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов: «Адырбектің қай өлеңін алсаң да – өмірдің өзінен оймақтай ойып алған өлең», – деп баға беріпті.
Бұл – жиырма жасында қолыңа қалам ұстап, кесек-кесек кітаптар жазуды бастаған қаламгерге берген әділ баға.
Адекең – үлкенге құрметті, кішіге ізетті болған тұлға. Оның осындай асыл қасиеттерін құрмет тұтып, рухани аға, қаламгер ұстаз санадық. Шыны керек, оның шығармашылығына еліктеп, қалам тербеуіне қазығып, журналистика саласында ширадық.
Оның ең басты артықшылығы, туған жерден кетпей-ақ, елге қарымды қаламгер ретінде өзін таныта білеуінде.
Рухың шат болсын, Адеке! Өзіңді қашанда құрмет тұтып, ардақ санайтын інінің бірі деп білгейсің. Біз үшін сол да мәртебе...

Жақсылық РАХМАТУЛЛА,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы мен
Журналистер Одағының мүшесі.
07 қазан 2019 ж. 732 0