№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Манап туралы еңбектер

Манап туралы еңбектер


Халық ақыны Манап Көкеновтың өлеңдері мен айтыстары «Жазушы» баспасынан «Сырдария саздары» (1983 ж) және «Сыр әуендері» (1981 ж) деген атпен кітап болып шықты. Сондай-ақ, оның ауданның мәдени өмірін суреттейтін «Екі мыңыншы сапар» атты қара сөзбен жазған деректеме кітабы 1987 жылы «Қайнар» баспасынан шыққан болатын. Соңында әлі кітаптарына енбей қалған мол мұрасы қалды.
Ақын Манап жайлы Сырбай Мәуленовтың Талаптың Манабы», ақын, журналист Базарбай Исаевтың «Нұрлы терезе», жазушы Оразбек Бодықовтың Қызыл отау қыстауға келді», ақын-журналист Файзулла Сахиевтың «Топты жарған тарлан», жазушы Бақытжан Момышұлының «Дала қыраны» атты мақалалары республикалық мерзімді баспасөзге жарияланса, жазушы, ақын Адырбек Сопыбековтың «Бір өзі бір театр екен ғой», қаны-журналист Базарбай Исаевтың «Боздаланың бұл-бұлы» деп аталатын кітаптары жарық көрді.
1988 жылы 18-19 маусымда Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтың 60 жасқа толған мерейтойы Қаратаудың «Кеңқорық» жайлауында үлкен тойға жалғасты. Сол кездегі аудандық партия комитеті І хатшысы Сәмит Далдабаев үлкен күш салып, ел астанасынан Әбділла Тәжібаев бастаған әдебиет және өнер өкілдері туған жерге атбасын тіреді. Қазақстан Орталық Комитеті хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков той қонағы болды. Ақындар айтысы өтті.
Ақын 1991 жылы Арқада өткен Абылай ханның асына, «Қазықұртта» өткен Төле би тойына қатысып, алқалы топтың алдында жыр шашуын шашты.
1992 жылы ақпанда Жезқазғанда еңбек тақырыбын жырлауға байланысты екі күнге созылған республикалық ақындар айтысы өтті. Оның беташар шымылдығын түрген ақын Манаптың бұл ең соңғы елмен жүздесуі екенін ол кезде кім білген.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 584 0