Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ел қаруы бес қаруды білеміз бе?

Ел қаруы бес қаруды білеміз бе?

Аудандық тарихи өлкетану музейінде «Музей түні» акциясына көппен бірге қатыстым. Ондағы құнды жәдігерлерді көріп, тарихты көзбен көргендей әсер алдық. Әсіресе қазақ батырларының бес қаруы көзге ыстық басылды. Ұлы даланы жат жұрттықтардан қорғауда құрал болған қару түрлері жайлы музей әдіскері Құралай Дәрмен айтып берді.


 Құралай алдымен қолына қылышты алып. «Қылыш соғыс кезіндегі негізгі қару болған», деп бастады әңгімесін.
Қылыштың өткір жүзі болады. Басының қайқылығына байланысты жатаған қылыш, наркескен, алдаспан, зұлпықар және т.б бөлінеді. Наркескеннің басының қайқылығы ұзындау болғандықтан кесу мүмкіндігі де зор.
– Мына ауыр қару не? – дедім тағатым таусылып.
– Мұны қолдану кезкелген батырдың қолынан келмеген. Салмағы ауыр. 15-20 келіге дейін тартады. Аты – шоқпар, – деп жауап қатты. Артынша қызық оқиғамен байланыстыра кетті.
– Ертеректе қазақ көшінің алдынан бір топ қабандар шығады. Сонда қолына шоқпар ұстаған Ерасыл тісі ақсиып тұрған қабандарға қарай шаба жөнеледі. Шоқпарымен жолындағы қабандарды қуып тастайды. Содан женгелері оны «Қабанбай» деп атап кетіпті, – дейді музей қызметкері.
Доғаша иілген садақты қолыма алғанда, бойымды бір рухани күш билегендей күйге түсіп, шығу тарихына қызықтым.
Садақтың шығу тарихын тас дәуірімен байланыстырып, аң аулауда, кейіннен соғыста, ХХ ғасырға дейін дүние жүзі халықтарының бәріқолданғанын айтты.
Ғасырлар бойы жаугершілік заманда өмір сүрген батыр бабаларымыздың серігі болған айбалтаның жөні бір бөлек екенін тілге тиек еткен музейші айбалтаның тарихына да тоқталды.
– Айбалта ең көне соғыс қаруларының бірі саналады. Ол шабу, жару және кесуге өте ыңғайлы қару. Қазақ мәдениетінде пайдаланылған айбалта саптарының ұзындығы 70-90 сантиметр аралығында болды. Көшпелі халықтар оны өте ерте заманнан яғни сонау ғұн, сақ дәуірінен бері пайдалана бастаған. Халқымыз оны ХХ ғасырға дейін қосалқы қару ретінде пайдаланды. Айбалтамен соғысу әдісін жетік меңгерген жауынгерді «айбалташы» деп атайды. Айбалташы жауынгерлер жорыққа шыққанда оны көбіне тебінгінің астында ұстады. Ал ұзын саптыны жаяу әскерлер, сарай, орда, қақпа күзетшілері ұстаған, – деп сөзін аяқтады.
Түнгі музейде жүрген жастар батыр бабаларымыз қолданған қару түрлерін ұстап, рухы асқақтағаны хақ.
– Мен де батыр боламын, найзамды қолыма алып жауға шабамын, – деген ұланға қарата:
– Білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған жеріміз біздерге аманат. Қазір біліммен жарысатын заман. Сондықтан тарихтан тағылым алып, біліммен қаруланыңдар, – деген Құралай Мақұлбекқызы қару тарихын тарқата түсті.
Музейде тұрған бес қару кімге тиесілі екенін білуге асығып, музей әдіскерінен сұрадым.
– 2011 жылы Желкілдек батырдың 290 жылдығы қарсаңында, «Желкілдек батыр» қоғамдық қорының президенті Жанарбек Айтбайұлы рухты батыр бабамыздың елін, жерін қорғау жолындағы ерлігі мәңгі өшпей, келер ұрпаққа аманат болсын деген мақсатта туған жеріндегі музейге табыстады, – деді.
Дерек көздерінде, Желкілдек батыр Бөлтекұлы 1723 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Жайылма аумағында туған. Жоңғардың қалың қолын баса көктеп, ел басына күн туған заманда дүниеге келген сәбиге әкесі Бөлтек ерте заманғы аңыз-әңгімелерде айтылған батырлар секілді елін, жерін қорғайтын, ер болсын деп атын Желкілдек қойыпты.
1745 жылы Сыр бойындағы жоңғарлармен шайқаста. Желкілдек батыр жоңғардың атақты батырын жеңіп, жоңғарларды Сыр бойынан ығыстырып шығаруға қатысады.
Батыр жайлы жазылған жыр-дастандар да аз емес. Ақын Адырбек Сопыбековтың «Желкілдек батыр» тарихи поэмасы, Ахмет Есіркеповтың «Желкілдек батыр» дастаны,  сонымен қатар жазушы-журналист Қаныбек Әбдуовтың еңбегі бар, яғни тұлғаланған батыр.
Тұнып тұрған тарихты қолмен ұстап, көзбен көру, маған үлкен  рухани күш беріп, ерекше бір сезімде қайттым.
Майра Әбдуәліқызы
06 қазан 2019 ж. 1 151 0