№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Ертедегі қазақтар ұстаған қару түрлері

Ертедегі қазақтар ұстаған қару түрлері

Тарихқа терең үңілсек, ата-бабаларымыз қазақ даласын қорғауда жауларымен ғасырлар бойы күресіп келген. Осындай жаугершілік заманда қазақ батырлары қолдарына қару алып елді, жерді азат етуде ұстаған қарулары ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырған.


Сойыл – ең алғашқы қаруларының бірі. Тарихы сонау неолит заманынан басталады. О баста аңшылыққа пайдаланды, кейін қорғаныс құралына айналған. Әуелде ағаштан жасалса, кейін тастан, металдан жасалды. Сойыл көбіне шығыс халықтарына тән дүние. Ежелгі еуропалық мәдениетте өте сирек қолданылған.
Шоқпар – сойылдың қорғанысқа, ұруға арналған түрі. Бас жағы жұмыр болады. Басына қоғасын құйылып жасалған шоқпар түрі күрзі деп аталады.
Қолаба – ұрып құлатуға немесе қиратуға арналған қолтоқпақ.
Шебең – темірден жасалған асатаяқ түріндегі сойыл түрі.
Шебің – шағын темір сойыл (шігілше) темір таяқ.
08 қыркүйек 2019 ж. 3 197 0