Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылыш түрлерінің атауы

Қылыш түрлерінің атауы


Батыс Еуропаға қылыш Х ғасырда түркілер арқылы келді. Кейін бұл қару жетілдіріліп, ХХ ғасырға дейін атты әскердің басты қаруы ретінде қолданылды.


Қазақта батырдың қылышын басқа жауынгер ешқашан ұстамаған. Батырдың қылышын оның ұрпақтары мұра етіп сақтаған. Аса бір ұлық жағдайлар болмаса, қылышты көтермеген. Осылайша ата-бабаларымыз қылышқа жауынгердің құралы деп қана қарамай оған символикалық мән берген. Ханның, батырдың ерлігі, халықтың бірлігі қылышпен байланысты деп сенді.
Қазақ қылышты бес қарудың біріне жатқызады. Оның алдаспан, наркескен, зұлпықар, қайқы деген түрі кеңінен қолданылды.
Зұлпықар – халық арасында танымал болып кеткен қылыштың түрі. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) мен Хазірет Әлидің ұстаған қылышын мұсылман қауымы “зұлпықар” деп атаған. Бұл қылыш мифологизациядан өтіп, исламның киелі символының біріне айналды. Тарихи деректер бойынша қылыштың бұл түрі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың қолына 624 жылы соғыстан әскери олжа ретінде түскен. Зұлпықар қылышын қазақ хандары мен қолбасылары VІІ-XIX ғасырлар аралығында кеңінен қолданды.
Алдаспан – аса ауыр және үлкен қылыш. Оның ұзындығы 90-95 сантиметр болады. Алдаспанды бір қолмен ұстау мүмкін емес. Қылыштың бұл түрінің жалманының өзі аса жалпақ болып келеді. Кейбір қылыштың басы жалпайыңқырап келіп, сырт жағы шығыңқы болады, оны “жалман” дейді. Алдаспанның қыны болмайды.
Сапы қылыш – қылыштың қарапайым түрі. Ол темірден соғылады, жүзі қайқая шыңдалады. ХІХ ғасырға дейін сапы қылыш әскери адамдардың белінен түспеген. Мұндай қылышты кейде қазақтар “жетелі пышақ” деп те атаған.
Наркескен қылыш – болаттан, темірден соғылған. Ол көбіне сенім мен уәденің куәсі ретінде пайдаланылады. Сондықтан оның жасалуы аса құпия болды. Ерте кезде наркескенді патшалар ғана ұстаған.
                                                                                              Дайындаған Лаура БИБАСАРОВА.

10 мамыр 2019 ж. 8 445 0