№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Шапық Шөкиннің дара жолы

Шапық Шөкиннің дара жолы


1912 жылы 1 қазанда қазақтың көрнекті энергетик ғалымы Шапық Шөкіұлы Шөкин дүниеге келді. Ол бастапқы сауатын 1920 жылдары ауыл балалары мен шаруа жастары мектептерінен ашады. Оқу-тоқуын кейін тәжірибелі мамандарымен танымал көне Қарқаралы педагогикалық техникумында жалғастырады. Педагогикалық техникумына оқуға түсу үшін Павлодар қаласынан Қарқаралыға дейін төрт жүз километр жаяу жүріп өткен. Ғылым, білімге деген құштарлығы ерте бастан-ақ байқала бастаған дарынды жасқа жалғыз техникумның жалаң білімі нәр болмаған болуы керек. Ташкенттегі Ортаазиялық инженерлер және ирригация техниктері институтында білім алады. Ал 1934 жылы С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтының Гидромелиоративтік факультетіне түсіп, оны 1937 жылы тәмамдап шығады. Шапық Шоқыұлы жастайынан қоғам өміріне белсенді араласып, ылғи да қатарының алды бола білген жан. Мысалы, ол Ташкентте оқып жүргенде Ортаазиялық пролетариат студенттер бюросының төраға орынбасары қызметін атқарса, Омбыда оқып жүрген кезінде өзі оқыған қаланың Қазақстандық жерлес студенттер бюросының төрағасы болады.
Сондай-ақ ол 1937 жылдан 1939 жылға дейін Қазақ ССР-нің Халықтық жер комитетіндегі Қазақ Республикалық тресі ауыл шаруашылығын электрлендіру жөніндегі бас инженері, 1939 жылы осы трест директорының техника саласы бойынша орынбасары қызметін атқарған. 1964-1967 жылдара Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті болды. Сібір өзендері арнасының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға бұру мүмкіндігі бар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Ғалымның ғибратты ғұмыры оның «Четыре времени жизни» атты кітабында әсерлі әңгімеленеді.
1996 жылы Елбасының қолынан «Халық қаһарманы» алтын жұлдызы алды.
2017 жылдың Шапық Шөкин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтында энергетика ғылымының негізін қалаушы Шапық Шөкин ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шара академиктің туылған күнінің 105 жылдығына орай ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі, академиктің ұлы Қанат Шөкин, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтының президенті Қалық Абдуллаев және т.б. қатысты.
01 қазан 2019 ж. 1 387 0