Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Еуропаны мойындатқан алғашқы қазақ режиссері

Еуропаны мойындатқан алғашқы қазақ режиссері


1932 жылы 1 қазанда қазақтың көрнекті театр режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов дүниеге келді. Мәмбетов – Европа елдерінің театрларында спектакль қоюға шақырылған жалғыз қазақ режиссері. Оның «Ана – Жер-ана», «Қан мен тер» спектакльдері жалпы қазақ мәдениетінің биік деңгейін әлемге танытқан дүниелер.

Қазақстандық және бұрынғы Кеңес театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері. Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жыл). Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Хұсайыновтың «Ертіс жағасында» пьесасын қоюмен бастаған.
01 қазан 2019 ж. 1 290 0