» » ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

  ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.
ÒР ÐÑлÑм жÓне ÒÑлÑм виÑе-миниÑÑÑÑ ÑаÒайÑндалдÑ
 Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) «педагогикалық білім» бағыты бойынша магистратураны тәмамдаған.

 Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

 2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.

 2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары.

 2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы. 2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

 2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.

31 тамыз 2019 ж. 950 0