№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ

ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ


– Президент Жолдауда тұтас елдің мәселесін қозғады. Әсіресе, ауылдың әлеуетін арттыруға байланысты айтылған ойларын құптадық. Елді мекеннің перспективасы жастардың белсен­ділігімен өлшенеді. Білікті, білімді жастар ауылға келгенде ғана ажарлы болады. Жасыратыны жоқ, жастар қалада қалғысы келеді, ауылға көп келе бермейді. Жолдауда осы жайт айтылды.
Мемлекеттің дамуына бірден-бір локомотив болатын күш – жастардың ерік-жігері, мен қабілет-қарымында. Осы тұста Президенттің «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керектігін айтты. «Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырамын» – деген сөзі көңілге қонды.
Білім беру, ауылшаруашылығы, денсаулықты сақтау және т.б салаға жастар көптеп келсе ауыл гүлдене түсер еді. Себебі бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары жастар ауылға келмей дамудың ауылы алыстай береді.
Жастар саясатын жүйелі жүзеге асыруда «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Енді «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын сапалы жүзеге асырылса, ауыл жастарының әлеуметтік ахуалы оң әсерін береді.
Бүгінгі жастар Қазақстанның жанды бейнесі десек, жастарға жасалған қамқорлық келешекті кемелді етудің жолы екені анық.
Ендеше бағдарламаны сапалы жүзеге асыруда белсенді жастарды қатыстырып, бағдарламаның ашық та, жария жүргізілгені дұрыс деп санаймыз.

Нұрхан АЙДАРОВ,
Жастар ресурстық орталығының аға маманы:

07 қыркүйек 2019 ж. 637 0