Қызылорданың тынысы жаңарды: Бір жылда не өзгерді?

Жаңа жылу электр орталығы Aksa Energy компаниясының жылу электр орталығы пайдалануға берілді. Жобаға 215 млрд теңге инвестиция тартылған.
Облыста 7 теміржол вокзалы жаңартылды.
Егіс алқаптары ұлғайды. 2026 жылы облыста егіс көлемі 7,1 мың гектарға артып, 193,7 мың гектарға жетті.
ҰБТ нәтижесі бойынша республикада көш бастады. Өңір үшінші жыл қатарынан ҰБТ-ның орташа балы бойынша 1-орында.
Үш автомобиль жолының құрылысы басталды. «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолдарының құрылысы қолға алынды.
300 орындық, онкологиялық бөлімшесі және ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар көпбейінді аурухананың құрылысы 85%-ға аяқталды.
Қалада 63 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 денсаулық сақтау,
8 спорт, 3 мәдениет, 2 мобилизациялық дайындық нысаны және 43 инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым нысаны бар.
Аралдың құрғаған табанында тұщы су ұңғымалары іске қосылды.




