№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бәсекеге қабілетті болудың негізі

Бәсекеге қабілетті болудың негізі

Мәскеу қаласында 400-ден аса қызылордалық жастар білім алуда. Олармен еркін форматта кездесу өткізіп, әңгіме-дүкен құрған едік. Бойларыңда жігер, көздерінде от бар білімді де білікті жастар елдің ертеңін көркейтетіндеріне сенімді. Әңгіме барысында бірнеше сұрақ қойып көзқарастарын біліп, пайым-парасатын зерделеген едік.
Сонымен...

1. Өркениетті қоғамның негізгі
нышаны қандай?
2. Бәсекеге қабілетті болудың негізі неде?
3. Сіздің алатын мамандығыңыз несімен ерекше немесе маңызды?
4. Туған өлкенің дамуына қандай үлес қосқыңыз келеді?
5. Қазақстанның келешегін қалай елестетесіз?

1 Менің ойымша, өркениет – ұлттың мәдени-рухани биіктігін көрсетеді. Яғни, өркениетті қоғамның негізгі критерийі – мәдениеттілік. Себебі, мәдениетті қоғам білімге ұмтылғыш келеді. Ал, білім бәсекеге қабілеттілікті арттырып, экономикалық қуатын арттыратыны сөзсіз...

2 Бәсекеге қабілетті болуда – кадрлардың кәсібилігі, білімділігі шешуші рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан білікті, білімді, жан-жақты тұл­ғаларымен кез-келген елмен бәсекелесуге қабілетті. Елорда төрінде өтіп жатқан ауқымды, маңызды шаралар айқындай алды.

3 Бүгінде экологиялық таза ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныс артты. Бұл ретте, нонотехнология мен биотехнология ауыл­шаруа­шылық өнімдерінің сапасын арттырып, өнімділікке бастайтын бірден-бір жол. Осы өлшеммен өлшегенде «агроинженерия» заманауи мамандық дер едім.
Мен өзімді «бес минуты кем инженермін» деп есептеймін. Қазақстанның ауылшаруашылық индус­триясын дамытып, экспорттық әлеуетті арттыруға күш саламыз.
Осындай озық жоғарғы мектепте білім алуға ұйытқа болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа және әрдайым қолдап жүрген ата-анама алғысым шексіз.

4 Сыр өңірі ауылшаруашылығы саласы дамыған өлке. Дегенмен, заманауи үрдістерді тиімді енгізіп, өнімділікті арттыруға үлес қосқым келеді. Қазақстанның дамуында ауылшаруашылығы сала­сы негізгі драйверге айналуына күш-жігерімді арнаймын.

5 Болашақ Қазақстан менің көзіммен:
Ол – еңбекқор азаматтардың отаны;
Ол – талантты жас ұрпақтардың мекені;
Ол – дамыған теxниканы сәтті игерген мемлекет;
Ол – зайырлы, қауіпсіз, тыныш ел;
Ол – жастардың потенциалын аша алатын еркін қоғам.
Мадина СӘКЕНҚЫЗЫ,
К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің студенті.
06 қараша 2018 ж. 1 455 0