ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

Бүгін Ғани Мұратбаев атындағы №240 орта мектепте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Жиында мектеп директоры Байтилесов Талғат сөз сөйлеп, Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары мен алдағы кезеңге қойылған маңызды міндеттерге тоқталды.
Әсіресе, білім беру сапасын арттыру, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, педагог мәртебесін нығайту мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарының қоғам дамуындағы орны, жас ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адалдық, еңбекқорлық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет екені айтылды.
Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім беру саласының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында!
#ҒаниМұратбаевМектебі
#240Мектеп
#Жолдау2026
#ЕлДамуы
#БілімБолашағы
#СапалыБілім
#СаналыТәрбие
#ҰрпақТәрбиесі




