Мәслихаттар сайлауы

№89 (9002) 24

24 қараша 2026 ж.

№88 (9001) 21

21 қараша 2026 ж.

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бесарық ауылдық клуб үйінде Президент жолдауы талқыланды

Бесарық ауылдық клуб үйінде Президент жолдауы талқыланды


Бүгін «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты Бесарық бастауыш партия ұйымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында Бесарық ауылдық клуб үйінде кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Бесарық бастауыш партия ұйымының төрағасы Рашид Нальтаев сөз сөйлеп, Призидент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерге тоқталды.
Президент Жолдауы – еліміздің экономикалық, әлеуметтік, білім беру, инфрақұрылым және технологиялық даму бағыттарына арналған маңызды құжат. Онда халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл-аймақтарды дамыту, білім мен ғылымды жетілдіру, цифрландыру және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жолдауда 2027 жылды Жалпы халықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынылды. Бұл бастама еліміздің барлық өңірінде жолдарды, мектептерді, ауруханаларды, спорт кешендерін, мәдениет нысандарын және басқа да әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған.
Жиын қортындысында қатысушыларға Мемлекет басшысы айқындаған басым баүюғыттарды қолдап, белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендігін білдірді.
26 қараша 2026 ж. 31 0