№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

АРНАУ



Патшасы патшалардың, патша құдай,
Дейтұғын шара бар ма неге бұлай.
Алладан анық бұйрық келген күні,
Керуендей көшер пенде қарайламай.
Жақсының өзі өлгенмен аты қалар,
Ұрпаққа ұлағат боп хаты қалар.
Адамға Алла бермек бұл нығметті,
Емес бұл пұлға балап сатып алар.
Күндер өтті Сәкеңнің кеткеніне,
Фәниден бақилыққа өткеніне.
Амал не Алла ісіне, шараң барма,
Кездессең ажал – дария өткеліне.
Күндер өтті жоқтап сәлем арнағалы,
Кеуденің кеміген жоқ салмағы әлі.
Перзент бауыр аңсаған сәттерінде –
Жанардан жақұт моншақ парланады.
Сейілбек бауырым, биіксің заңғар биіксің,
Қараша қара үй халқынды құлай сүйіпсің.
Үлкенге іні, кішіге қамқор аға боп,
Ақ күміс самай анаға басты иіпсің.
Бір азамат қуанса көңіл сүйініп,
Бір азамат қуарса жүрек күйініп.
Тізгінін ұстап жүрсең де биік мансаптың,
Бір мезет тасып көрсетпепсің-ау ірілік.
Бұл не деген ғажайып дархан тектілік,
Жат бопты саған жалт берер құнсыз ептілік.
Тұла бой тұнған парасат пайым толымды ой,
Таусылмас қазына сарқыламас дария естелік.
Тебіреніп кетсең тіліңнен шырын бал тамған,
Тағлымды тарих бетінде жүрер қолтаңбаң.
Сезімі сергек қиялы өткір қаламгер,
Достарың түгіл еріксіз дұшпан тамсанған.
Көтеріп бірге қуаныш қайғы зарын мұң,
Елменен бірге қуандың, бірге тарылдың.
Алатаудай айбары асқақ нар тұлғаң,
Есінде жүрер өзіңді сүйген халқыңның.
Сөз бастар жерде ақылы дария қарағым,
Шапағат мейір төгіліп тұрған жанарың.
Хас тұлпарды құлынынан таныған,
Базарлы істе байлауын айтқан дананың.
Ақырын жүріп анық та басқан жылдар-ай,
Ақ таңың күліп халық деп атқан жылдар-ай.
Хатшы боп бірде, бірде әкім, бірде сенатор,
Мәнді өмір сүріп күш қайрат тасқан жылдар-ай.
Зер қадірін зергерлік еткен ұғады,
Лаулатып жаққан өмірлі еңбек шырағың.
Арттағы толқын ел жұртың есен аман боп,
Жаннаттан болсын мәңгілік мекен тұрағың.
24 тамыз 2019 ж. 791 0