Анкарада алғаш домбыра курсын ашқан қазақ баласы шаңырақ көтерді
Ұлттың рухын асқақтататын бастаманы шет елдерде насихаттап, қазақтың қасиетті домбырасының қоңыр үнін шарықтатып жүрген жаңақорғандық Ержан Арқабаев бойдақтық өмірімен қош айтысты.

Жүрегі қазақ деп соғатын ұлтжанды азамат болашақ жарын Астанадан тауып, жұбайлық өмірлерін бастады. Тың идеялар тауып, шабыт биігінде танылған Ержанның жақұт өнерді жарқырата жүретініне сенім мол.