№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бақытты елдің баласы татулықты ту етер

Бақытты елдің баласы татулықты ту етер


                            
Баланы бақытым деп бағалаған елміз. Тәрбиені тал бесіктен сусындатып, бүлдіршіннің болашағына баса назар аудару бізге тән қасиет. Бұл жолы да балдан тәтті балақайларды бірлік, бейбітшілік, татулық, достық сынды ұғымдармен таныстырып, төл мерекені тойлауға ықпал еткен «Еркеназ» бөбекжай – бақшасының ұжымы елеулі еңбегін көпке паш етті. «Достығымыз жарасқан» деп аталған мерейлі шара бейбіт күннің бағасын білуге арналды.


Бүгінгі бала –ертеңгі елдің қозғаушы күші. Оның санасына бүгіннен құйған тәрбие мен білім өмірлік азығына айналмақ. Бұрын бала тәрбиесін «бесіктен» дейтін болсақ, бұл ұғымға балабақша қосылды. Яғни, балабақшада үйренген ілім-білім, өнері балдырғандарды биікке бағыттамақ. Біз де осы ұстанымды алға қойып, балдырғандарға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін еңбек етудеміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірлігі артық ел озар» демекші, татулық бар жерде ырыс та ынтымақ та, құт пен береке де қатар жүретіні анық. Ал, осындай құнды қасиеттерді бала бойына қазірден сіңіру аға буынға артылған міндет деп білемін. Олай болса, баянды болашақ жолында өз білгенімізді ұрпаққа дарытып, адал еңбек етейік. Бұл балабақша меңгерушісі Сандуғаш Егізбаеваның айтқан алғы сөзі.
Мерейлі мерекеге келісті келбет, жарқын жүзімен дайын болған өнерлі өрендер көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Періште жүзімен күлімдеп тұрып айтқан тамаша тақпақтары ата-аналарын қуантса, бұрала билеген билері көрермен көзін еріксіз баурады. Достықты ту етіп, татулықты табылмас бақытқа балаған байкенжелік өрендер үлкеннен көрген ізетін паш етіп, мереке маңын думанға айналдырды.
Шіркін, бауырыңнан шыққан балаңның өнерін көргеннен артық бақыт жоқ шығар, сірә! Ұрпағың болып қалар ұл-қыздың үмітті жалғағаны кімді болсын қуанышқа бөлейді. Бұл мерейлі мерекеде бақытты елдің баласы болған балдырғандар татулықты ту етті. Салтанатты шараға Байкенже ауылдық әкімдік аппаратының әлеуметтік қызметкері Айсұлу Қалдыбаева мен клуб үйінің жетекшісі Динара Жанұзақова арнайы қатысып, жүрекжарды тілегін жеткізді.
                    Ханзада ТӨРЕХАН.
02 мамыр 2019 ж. 1 736 0