Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҮЗДІК ҮЙІРМЕЛЕР

ҮЗДІК ҮЙІРМЕЛЕР


Жас буынның уақытты ұтымды пайдалануда үйірмелердің алар орны ерекше. Әсіресе, ауыл жастарының белгілі-бір өнер түріне ынтасын аударып, олардың қандай өнерге икемді екенін де танып білу маңызды. Осы бағытта ауданнан көптеген үйірме жұмыс жасап, оның біршамасы «Үздік» атанған. Біз сол үйірмелердің бірнешеуіне тоқтала кетуді жөн көрдік.
Жалпы, ауданда клуб жанынан құрылған 111 үйірме жұмыс жасайды. Оның 15-і кент орталығында болса, 96-сы елді-мекендердің клуб жанынан ашылған. Осы үйірмелерде 1126 бала өнердің әр бағытында тәрбиеленуде. Әсіресе, ән мен биден, сахналық көріністерден өнер көрсетіп, түрлі шыңдарды бағындырып жүргендері аз емес.
Мәселен, Байкенже ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған Құралай Әлиеваның жетекшілігіндегі «Ырғақ» ән үйірмесінің асқан асулары көп. Үйірмеде тәлім алатын алты оқушы халықаралық жарыстарға дейін барып, жүлделі оралған. Толығырақ тоқталсақ, үйірме оқушысы Сұлтанахмет Төлегенов облыстық «Бозторғай – 2017» байқауынан ІІІ-орын алса, Жәния Жанболатқызы Республикалық «Асыл мұра – 2017» ән-би байқауынан І-орынды қанжығасына байлаған. Сонымен қатар, «Ғұмырдария – 2018» халықаралық байқауынан С.Төлегенов пен Ескендір Ералы бас жүлдені, Нұрасыл Қансейіт ІІ-орынды иемденген. Сондай-ақ, Байкенже ауылында «Ырғақ» ән үйірмесімен қатар, «Дастан» домбыра үйірмесі және «Бай өлке» әзіл-сықақ драма үйірмесі жұмыс жасайды.
Жаңарық ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған «Самғау» би үйірмесі 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Құрамында 16 бала бар. Жетекшісі Жадыра Ахметова. Үйірме оқушылары 2013 және 2014 жылдары қатарынан облыстық «Бозторғай» сайысына қатысып жүлделі оралған. 2014 жылы VІ-Республикалық «Асыл мұра» ән-би байқауының «Би» жанрының І дәрежелі лауреаты атанған. Ал, 2017 жылы аудандық «Ең үздік би үйірмесі» сайысының І-орнын қанжығасына байлаған. Осы үйірмемен қатар, Жаңарықта «Үркер» домбыра үйірмесі мен «Вокал» ән үйірмесі жұмыс жасайды.
Бесарық бекетіндегі клуб үйінде «Бауырсақ» қуыршақ үйірмесі 2016 жылдан бері қарай жұмыс жасап келеді. Үйірме шәкірттері өз кезегінде ауылдағы бала бақшаларды аралап, «Шалқан», «Қызыл телпек», «Алтын балық» ертегілерін сахналап жүр. Аптасына екі рет дәріс оқылатын үйірме құрамында бүгінде 10 дарынды бала тәлім алуда. Үйірме жетекшісі Роза Мәдиеваның тынымсыз еңбегінің арқасында ауданда үздік танылды. Олар Әмір Мәжитовтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үздік драма үйірмесі – 2017» байқауынан І-орынды иемденген.
Кейден ауылдық клуб үйі жанындағы директоры Балмұхаммед Әбжаппаровтың ұйымдастырған «Күлеміз бе, қайтеміз?» драма үйірмесіне қосымша ауылдың дарынды балаларының басын қосқан, оқушылар арасынан көңілді тапқырлар клубы бүгінде көпке танымал. Құрамында 10 бала ойнайтын КТК тобы 2013 жылы құрылып, облыстық «Жас ұлан» балалар жайдарманынан ІІІ-орынды қанжығасына байлаған. Ауданнан 2016 жылы оқушылар арасындағы КТК ойындарынан І-орынды, 2017 жылы «Жазғы кубоктан» І-орынды, аймақтық «Жайдарман-2018» І-орынды жеңіп алған. Сонымен қатар құрамадағы оқушылар «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауының құрамында да өнер көрсетеді. Жаңарықта драма үйірмесімен қоса, «Көркем сөз» көркем сөз оқу үйірмесі, «Алтын дауыс» ән үйірмесі жұмыс жасайды.
Қожакент ауылдық округінде клуб үйінің жанынан құрылған «Сырлы саз» домбыра үйірмесі де бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Фархат Бакировтың жетекшілігіндегі үйірмеде 15 бала өнермен сусындауда. Үйірме аудандық «Жас таланттар» домбырашылар сайысынан І-орынды жеңіп алған. Сонымен қоса, Қармақшы ауданында өткен облыстық «Үздік домбыра үйірмешілері» сайысы мен аудандық Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған байқаудан жүлделі орын алды.
Біз үздік үйірмелердің бірқатарына тоқталып өттік. Өнерлі ұландардың басын қосқан мұндай үйірмелер келешек қазақ көгінде жарқырайтын сан өнерпаздың тұсауын кесіп жатпасына кім кепіл?

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
19 мамыр 2018 ж. 2 100 2

Ұқсас жаңалықтар:

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 04:40
Antibiotics By Mail Canada Pharmacy Online No Script Olivier Ameisen cialis for sale Cialis Dose Recommandee On Line Worldwide Amoxicilina With Free Shipping Brand Name Propecia Male Pattern Hair Loss

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 10:33
Propecia Causa Impotencia viagra On Line Bentyl Cialis Valsartan Cialis In Hong Kong