ШЫНКЕЕВ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ
Бүгін Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирі мәресіне жетті.
Ақтық сында Ержан Шынкеев (Қарағанды) пен Ерасыл Қажыбаев (Әскер барысы) белдесті. Финалға тек мықтылар шыққаны шындық болатын. Алайда, ширек финалда азырақ жарақат алған Ерасыл тәжірибелі Ержанға есе жіберіп алды. Шынкеевтің еншісінде бір жамбас ұпай. Ал қарсыласында екі бүк ұпай.
Осылайша, қарағандылық балуан 25 миллион теңге сыйақыға ие болды. Сонымен қоса, алтын белбеу мен алтыннан құйылған тайтұяқ та Ержанның еншісіне бұйырды. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион берілді. Финалда жеңілген Ерасыл 5,5 млн теңге мен күміс белдікке ие болды.
Ал үшінші орын үшін Айбек Нұғымаров (ШҚО) пен Ерсұлтан Мұзаппаров (Түркістан) күш сынасты. Оңтүстіктен келген балуан турнирге тұңғыш рет қатысып жатқанына қарамастан барын салды. Алайда, өте тәжірибелі Айбек қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Жартылай жеңіс және бір бүк ұпаймен жеңіске жетті.