№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бексұлтан өміріндегі қос қуаныш

Бексұлтан өміріндегі қос қуаныш


Соңында өлмейтін, өшпейтін мұра қалдырған-өміршең өнердің иесін- өмірден өзі озғанмен өлді деуге болмас. Оның басты себебі елінің есінде, халқының жүрегінің түкпірінде өшпес өнерінің ізі қалды. Былайша айтсаң-той кеші мен ән кешінде жиі-жиі орындалатын әндері қалды. Міне сондай, бойына өнер деген өрелі қасиет дарыған, әлемді әнімен әлдилеген, әнші, сазгер-Бекең-Бексұлтан Өтепбергенұлы Байкенжеев болатын.
Ойлап отырсам, сырлас, құрдас, талай уақыттарды бірге өткізген, шығармашылық жағынан пікірлес болған Бексұлтанның дүниеден өткеніне де ширек ғасыр, яғни 25 жылдың жүзі болыпты. Бір кездегі Бақтыбай, Тұрғанбай, Әпсұлтан, Бексұлтан болып отбасы араласып, той-домалақта, мәдени шараларда бірге болып, соңынан серілік құратын қызық сәттер көңілдің тереңінде әліге дейін сайрап жатыр «Ой есі жоқ...» – деп басталатын әңгімесінің аржағындағы әзілі, қалжыңы еске жиі оралады. Кейде бірге өткізген жылдардың тәтті сәттері ой елегінен өтіп, жаныңа жылу әкеледі. Ойланасың мына тіршілікке тәубе дейсің. Сондай шақтарда Бексұлтанмен, Шәрбанмен болған қимас кезендерді еріксіз еске аламын.
Бексұлтанның өзім куәсі болған керемет екі қуанышын айта кетейін. Алғашқысы 1976 жылдың 24-25 шілдесінде Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында өткен шығармашылық кеші. Бұл облыстағы өнер иесін бірінші рет насихаттап, тұңғыш рет таспаға түсіруі болатын. Кешті белгілі тележурналист Есенгелді Шілдебаев жүргізіп, ән кешінің пердесін сол кездегі аудан әкімі Ибрагим Сраждинұлы Абибуллаев құттықтап ашқан еді. Екі күнге созылған өнер иесі Бекеңнің кешінде республикаға танымал әнші-композитор Әсет Бейсеуұлы, Зейнеп Қойшыбаева, Мадина Ералиева, Темір Тайбеков, Рамазан Таймановтар-жерлесіміздің әндерін орындап халықты бір серпілткен еді... Осы өнер кешінің есебін сол кезде республикада шығатын «Мәдениет» газетінде жариялаған болатынмын.
Осы сапарда, яғни Бексұлтанның концертінде бірге болған ақын Адырбек пен менде оған арнап өлен оқыған едім. Сол өлеңімде

Әнді, күйді, жырды бақыт санаған,
Мына әнде кетпей қойды санадан.
Тындаушысын еліттіріп әкеткен,
Не деген саз, кеңестікке тараған.

Жадыратар жүрегіңді идіріп,
Іңкәрліктен берілдірер сүйдіріп.
О, құдырет, әні қандай от еді,
Махаббатты кеткендей-ақ сидырып.

Сыр айтқандай самал есіп бір әні,
Тым биікте, шың басында тұрады.
«Ақбаянның» сазы жетсе құлаққа,
Бексұлтанға ғашық қанша, қыз әлі.

Сазға бөлеп ақ қанат құс ұшады,
Гүлге толар бүгін тағы құшағы.
Тұлпар шабыт тізгін беріп тұрғанда,
Жүрек қылын жұмбақ әуен қысады.

Кер даланың самалынан нәр алып,
Сырлы әуендер кетті елге таралып.
О, тарланбоз таланттың иесі,
Қаратауға ұсадың ба қасиетінен жаралып,

Ұқсадың ба, тау суындай ағынды,
Әніңді жұрт есітпесе сағынды.
Құтты болсын алқалы кеш бүгінгі,
Шабытыңа жиып берер сағымды.

Келер әлі дүниеге ән қанша,
Тыңдаушысы қолын ұрып тыңдаса,
Өнер деген көк теңізде қалықта,
Шөліркеген әнге құлақ қанғанша.-деп аяқтаған едім.
Осы кештегі, одан ауылға келгендегі Бекеңнің қуанышын айтсаңшы.
Екінші сәті: 1989 жылдың 26 наурызында елімізде КСРО халық депутаттарының сайлауы болды. Осы сайлауда №144 Қызылорда ұлттық териториялық сайлау округінен депутаттыққа кандидат болып, Қазақстан Компартиясы Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбеков ұсынылды. Ол кезде ауданның хатшысы С. Далдабаев болатын. Содан Еркіннің аудандағы сенімді өкілі болып, біздің Бексұлтан тағайындалды. Бұл міндеттің ауыртпалығы мен жауапкершілігін мүдірмей атқарып, талабы мен талантын сарп етіп, облыс басшысының үлкен сеніміне ие болады. Сайлау мәреге жетіп, халқы қалаған Еркін Әуелбеков КСРО-ға депутат болып сайланады.
Елінің серісі, әннің серкесі атанған Бекең өзі сенімді өкілі болған облыс басшысы Еркін ағасының шарапатына ие болып, көп ұзамай 1989 жылдың 19 маусымында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» - атанады.
Куәлігін төсіне басып, белгісін кеудесіне жарқырата тағып тұрып, бал-бұл жаңған жүзінен риясыз қуанышын жасыра алмай: «Бұл атақ менің көңіліме қанат бітірді. Алдағы жазатын әндерімнің жауапкершілігін күшейтті. Өнерді екшеп, оны түсіне білетін Ерекең сынды алып азаматқа айтарым алғыс, тілегім жеңіс болғай» - дегені бар.
Қуаныштан бидай өңі бал-бұл жанған. Алдағы күндеріне үлкен үмітпен қарайтын қайран бауырым, келте жіптей ғұмырың тым қысқа болатынын ол күнде кім сезіпті, шіркін!.. Өкініштісі осы болғанмен, көңілге медеу болатыны Бексұлтанның ән ғұмырының жалғасып, бүгінгі ұрпақтарының жүрегінен берік орын алуы.
Иә, Сенің – ән ғұмырың жалғаса берері хақ.

Файзулла Сахиев,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ауданның «Құрметті азаматы».
10 сәуір 2018 ж. 1 627 0