№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » ЕКПІНДІЛІКТЕР ЕҢБЕК АДАМЫ ӘЛИ ИСАЕВТЫ ҰЛЫҚТАДЫ

ЕКПІНДІЛІКТЕР ЕҢБЕК АДАМЫ ӘЛИ ИСАЕВТЫ ҰЛЫҚТАДЫ


Жаңақорған ауданына 90 жыл және халық ақыны Манап Көкеновтің 90 жылдығы аясында елді мекендерде ерекше мерекелік нақты сезіледі. Тау етегінде бастау алған той Сыр беткейде де ұласып, одан әрі
Екпіндіде жалғасты.
Алдымен, қонақтар кітапханада өткен «Жаңарған Жаңақорған – менің елім» атты жыр кешінің куәсі болды. Манап ақынның өлеңін оқып, жыр арнаған жас өрендердің өнеріне тәнті болған ардагерлер жастарға ризалығын білдіріп, батасын берді. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Социалистік Еңбек Ері Әли Исаевтің 120 жылдығына арналған «Күрішші-Әли» атты сурет көрмесі қойылды. Құжаттарынан көрме ұйымдастырған музей ұжымы көпшілікке есте қаларлықтай тарту жасады.
Сәдібек бауында өткен қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық ойындар мен тұрмыстық салт-дәстүр көріністерін тамашалаған ауылдықтар түс ауа күрішші Әли Исаевтың 120 жылдығына арналған «Ел іші-өнер кеніші» атты облыстық әншілердің конкурсын тамашалады. Аудандық мәдениет үйі мен жаңақорғандық өнерлі ұжымның ұйытқы болуымен өткен шара жоғары дәрежеде өрбіді. Одан кейін №166 орта мектепте шағын футболдан мекемелер сынға түсті.

16 қазан 2018 ж. 1 496 0