Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 44

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Қайрат Нұртас Серікбол Сайлаубекпен татуласты (видео)

Қайрат Нұртас Серікбол Сайлаубекпен татуласты (видео)

    Бірнеше жыл бұрын достар Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек ренжісіп қалды деген қауесет тарап кеткен еді. Бұған қатысты Серікбол да пікір білдірген болатын. Осы қауесетке нүкте қойып, Қайрат Нұртас Серікбол Сайлаубекті өзінің Астана қаласында өткізген жеке концертін шақырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.


  Айта кетсек осыдан үш жыл бұрынғы сұхбатында Серікбол Қайрат екеуінің қарым-қатынасына байланысты пікір білдіріп, «Қайрат Нұртас екеуміз бауырдай болып кеткен адамдармыз. Біз бір-бірімізге ешқашан жау болған емеспіз. Бәрі бізді араласпайды деп ойлайды. Біз бірге оқыдық, бір шаңырақтың астында тұрдық. Бір үйдің баласындай өстік. Халық арасында таныла бастағандықтан арамызға от салып, көреалмайтындар көбейді. Ал менің Қайратты көреалмайтындай ештеңем жоқ. Кім не демесін, бір-бірімізді көрген кезде реніштерімізді ұмытып кетеміз. Амандасып, құшақтасып, кішкене бала сияқты алысып кетеміз. Біз студенттік шағымызды, өмірдің тәтті кезеңдерін бірге өткізгенбіз. Сондықтан Қайратты қызғанатындай ештеңем жоқ. Қайраттың биік шыңға көтерілгені мен үшін абырой», – деп айтқан еді.

   Естеріңізге салсақ, кеше Қайрат Нұртас Астана қаласында өзінің жеке концертін берген болатын. Жыл сайын Қазақстанның барлық қалаларында жеке концерт бергенді әдет қылған отандық әншіміз әрдайым халықты таңғалдырумен келеді. Келесі жеке концерты Алматы қаласында 9 желтоқсан күні өтеді.
03 желтоқсан 2018 ж. 1 103 0