№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Серікбол: МС Сайлаубекпен шатастырған әжей “арағыңды қойып, толып қалыпсың” деп мақтап тұр

Серікбол: МС Сайлаубекпен шатастырған әжей “арағыңды қойып, толып қалыпсың” деп мақтап тұр


Ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған Серікбол Сайлаубекті ауылдағы бір әже МС Сайлаубекпен шатастырған.Өткен жылы ел аралап, 125 тегін концерт берген әнші Серікбол СайлаубекЕуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының студиясында ауылдардың бірінде болған қызықты жайтты айтып берді.
Халықтың батасын жинап, Алла Тағаланың разылығы үшін ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған өнер иесі халыққа ән тыңдатып, рухани әңгімелесіп, көңілдерін көтеруді мақсат етіпті. Аппаратура, сахна таңдамайтын әнші мәдениет үйі жоқ ауылдарда камаздың, арбаның үстіне кілемді жайып жіберіп, ән айтатын кездерін күліп еске түсірді.
Сондай концерттердің бірінде ауылдағы бір әжей «Мәләдес Сайлаубегім-ай! Арағыңды қойып, сақалыңды өсіріп, толығып қапсың, мәләдес» деп ризашылығын білдіріпті. Өзін МС Сайлаубекпен шатастырған әжейді әнші «Апа, мен ішпеймін, мен басқа Сайлаубекпін, Серікболмын» деп әрең сендіріпті.

20 сәуір 2018 ж. 1 162 0