Өркениет көші



Тарихшылар мен ғалымдардың пайымдауынша, адам баласының жер бетіндегі тарихы 50 мың жылдан асты. Осы уақытта 1600 ұрпақ алмасқан делінеді. Соның ішіндегі соңғы 150 ұрпақ жазу, сызуды меңгерсе, 8-і ғана уақыт өлшеуді біледі, 4-і электр қуатын кәдеге асырды. Ал телевидения, медицина саласындағы жетістіктерді 2 ұрпақтың еншісінде. Соңғы ұрпақ интернет пен смартфонды игілігіне айналдырды. Бізден кейінгі ұрпақ не істер екен, ә!
Байқайсыздар ма, адамзат баласының мыңжылдықтардан бастау алатын жолы ғылымды игеріп, инновацияны енгізуімен күрделеніп әрі қарқынды дамып келеді. Қазір ешнәрсе таңсық болмай қалды. Таңғалмаймыз да. Мәселен, Қытай бір түнде 12 шақырымдық асфальтты бұзып, қайта жаңғыртуға (жасайды) қуатты. Ал Дубай бірнеше айда аспанмен таласатын зәулім үй тұрғыза алады. Жапонияда робот технология адамға сапалы қызмет көрсетуге көшті, ал АҚШ-тың тәжірибе алаңындағы жаңалықтар адамзаттың жарты ғасырдан кейінгі өмірінен хабар бере бастады.
Иә әлем қатты дамып барады. Біз ше? Өркениет көшінің қай тұсында келеміз?

Нұрлат БАЙКЕНЖЕ

19 қаңтар 2024 ж. 1 703 0