№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » «ҮЗДІК БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

«ҮЗДІК БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

Білім сапасын арттыруда заманауи материалдық техникалық құралжабдықтармен қамтылуы маңызды. Осы бағытта еліміздің жүз тірек мектебінің бірі №286 орта мектебі білім саласында көптеген жаңашылдақтарға жол ашып, заманауи білім берудің озық үлгісін кәдеге асыра бастады. Үздік жас мамандар мен тәжірибелі тәлімгерлер жасақталған білім ордасы аз ғана уақытта өзінің мақсатын айқындап, биік бедерді бағындырып, аудандық білім бөлімінің жыл қордысында «Үздік білім беру ұйымы» атанып, қанжығасына бір млн. теңге байлады.

Жаңақорған ауданы орталығындағы №286 орта мектебі ең жас білім ордасы болса да бағындырған белесі бар. Бұл оқу ошағы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері және Қазақстан халқына қоры бірлесіп, жүзеге асырып жатқан «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасының қатысушысы атанды. Осы сәттен бастап, заманауи келбетке еніп, жаңа әдіс-тәсілмен оқытыла бастады. Бұл білім ошағы өткен жылдың қаңтар айында ашылып, енді ғана бір жыл толуда. Қыркүйек айының басында ауданда бірінші болып аталмыш жоба аясында тың технологиямен толығып, пән кабинеттері инновациялық бағытта жаңадан жасақталды. Мектеп 300 балаға арналған, 36 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары, STEАM лабораториялар, ратототехника мен арнайы арт-студия мен киностудия ашылып, акт залы мен кітапханасы заманауи техникамен жарақтандырылған. Айта кетейік, облыстық деңгейде “Жаңа заманғы білім беру ұйымының заманауи моделі” тақырыбымен STEАM бағыты бойынша бірнеше саланы қамтыған облыстық семинар ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұл тірек мектебі Назарбаев зияткерлік меетебімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сондай-ақ НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы уыл ұстаздарына арнап арнайы оқыту бағдарламасын өткізіп, мектептегі білім деңгейіне мониторинг өткізеді. Бәсі биік марапатқа жету жолының қырсырын №286 мектеп басшысы Ләззат Нәлібаевадан сұраған едік. Ол: – Бүгін ауданымызда алдыңғы қатарлы, халықаралық деңгейде білім беруге материалдық тұрғыда мәртебесі теңелген тірек мектебінің негізі қаланды деуге болады. Бірақ одан да биік тұратын ұстаз ұлағаты, ұжданы, маңдай тері ғылым әлеуетіне дем беріп, бұрын болмаған ғажайып жетістіктерге қол жеткізе алғанда осынау телегей-теңіз қамқорлықтың жемісін көре аламыз. Аудандық білім бөлімінің алғаш рет ұйымдастырған жыл қортындысында «Үздік білім беру ұйымы» атану біздер үшін зор қуаныш, екіншіден қаранар талап, қасиетті міндетті де қоса жүктейді. Біз бұл марапатты үлкен мативация ретінде қабылдап, осы үлгіге сай болуға күш-қайратымызды жұмсайтын боламыз, – деді мерейі тасып. ТҮЙІН. Ақиқатын айту керек, білім бөліміне басшылыққа келген Бекжан Есенбаев алғаш рет ауданда білім саласы қызметкерлерінің «Жыл үздіктерін» анықтап, жылжабар салтанатты шарасын жасады. Марапат мінберінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған, нағыз өз ісінің шеберлері бой көрсетті. Мектептер мен балабақшаларға арнайы ауыспалы кубок ұсынып, білім мен тәрбие ісінде шынайы бәсекелестік туындатып, білім көшін алға қозғауға серпін беруде. Білім бәсекелестігінде көш басынан табылып, әлеуетін танытқандар дәстүрлі доданың үздігі болатыны анық.
Мақпал МАРҚАБАЙ
04 қаңтар 2024 ж. 1 462 0